«Менің сүйікті ойыншықтарым»

Жолдыбай Лаура Мирашқызы

Мақсаты:Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту,тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер: ойыншықтар, суреттер.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасып алайық.

 

Шаттық шеңбер:

Күннің көзі ашылып

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Ал қанекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздерме!

Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншықтарым». Осы ойыншықтарға байланысты ойындар ойнайық.Ойынымыздың аты «Көбелек гүлге қонады».

Ойын шарты: Сендер гүлсіңдер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады. Көбелек қай балаға қонса сол бала менің сұрағыма жауап береді.

Сұрақтар: 1.Сүйікті ойыншығың бар ма?

2.Қандай ойыншығың бар?

3.Немен ойнайсыңдар?

4.Қандай ойыншықпен ойнағанды жақсы көресің?

Ия балалар ойынды жақсы ойнадық, бүгін біз сендермен сүйікті ойыншықтарымыз жайлы айтамыз.Қараңдаршы, біздің тобымызда ойыншықтар көп екен.Мұндай түрлі ойыншықтар бізге ойнау үшін керек. Қане мына ойыншықты ұстап көрейікші.

Қандай екен?

— Балалардың  жауабы: Жұмсақ.

Тәрбиеші:Ойыншықтарды ұстап сипап көру арқылы біз олардың қандай екенін білеміз. Ойыншықтар  пластмассадан, резинадан, ағаштан, темірден,матадан жасалады. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады.

Балалар енді осы ойыншықтарымызбен ойын ойнайық.Мен үстел үстіне ойыншықтарды қоямын сендер мұқият қарап алып көздеріңді жұмыңдар, мен «аш» деген де көздеріңді ашып үстел үстінде қандай ойыншық жоқ екенін табасыңдар.

Ал енді балалар осы ойыншықтар туралы тақпақ, өлең білесіңдерме?Кім маған тақпақ айтып береді?

 

Т.Нұрасыл:Доп добым домалақ

Қайда кеттің домалап

Бір, екі деп ұрдым

Шатырға сен секірдің

 

Өлең: «Қуыршақтар» Айгөлек тобының бүлдіршіндері орындайды.

Біздерде бар қуыршақ

Бұзау қозы құлыншақ

Қуыршақтар  тыңдайды

Әмір беріп бұйырсақ

 

Қуыршақтар  тыңдайды

Айтқанымнан  шықпайды

Ал  қозызымен  қуыршақ,

Ұйықта десем  ұқпайды

 

Осылары дұрыспа,

Тентектігін  қоймаса,

Тұрғызамын бұрышқа.

 

Балалар мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр.Мына тақтада ойыншықтардың суреттері ілініп тұр, осы суреттерге мұқият қарайықшы, бұл суреттердің жарты бөлігі ғана тұр, ал сендер осы суреттердің жарты бөлігін мына үстел үстіндегі суреттердің арасынан тауып қойсаңдар қандай ойыншықтың суреті шыққанын табасыңдар.

Ал балалар енді тағы бір ойын ойнайық ойынымыздың аты «Сиқырлы дорба»

Ойын шарты: дорбадан кез-келген ойыншықты аласыңдар алған ойыншықтарыңның атын, түсін, қатты, жұмсақ екенін айтасыңдар.

Доп:доптың түсі қандай?

Пішіні қандай?

Доп туралы кім тақпақ айтады?

Қоян:Қоянның құлағы қандай?

Қоян қандай қатты ма жұмсақ па?

Қоян не жейді?

Машина:машинада не бар?

Машинаның түсі қандай?

Машина туралы қандай тақпақ білесің?

Аю: Аю нені жақсы көреді?

Аю қалай жүреді?

 

Қорытынды: Жарайсыңдар  балалар, бүгінгі «Менің  сүйікті  ойыншықтарым» атты  оқу қызметіне  қатысқандарыңа  көптен рахмет.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *