«Табиғат бұрышындағы тоты құсты бақылау»

Караева Аксана Аманкосовн

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№16 «Ертегі» балабақшасы

Қызметі: Тәрбиеші

Материал тақырыбы: «Табиғат бұрышындағы тоты құсты бақылау»

Тақырыбы: Табиғат бұрышындағы тоты құсты бақылау.

Білім беру саласы: Әлеумет                                                         

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Экология                                                                                                                 

Тақырыбы: Табиғат бұрышындағы тоты құсты бақылау.                                                                                                    

Мақсаты:

Балаларды жанды табиғат өкілдерімен таныстыру. Сөздік қорларын «құстың жүні мамығы», «қанат» деген сөздермен толықтыру, зейіндерін және білуге деген құштарлықтарын арттыру.

Жанды табиғат өкілдеріне деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сұрақтар, слайд-шоу, тапсырмалар. Тордағы тотықұс,оған арналған жем.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, көрсету, сұрақ-жауап, мадақтау.

Билингвальды компанент:Тотықұс-папугай, қанаттар-крылья, тұмсық-клюв.

 

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Балалар бір-бірімізге қолымызды беріп,алақан арқылы жылулық танытып,жақсы лебіз білдірейік.

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң,

Қайырлы күн!

Сәлеметсіңдер ме!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, тәрбиешімен амандасады.

 

 

Қимыл-қозғалыспен көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Жыл мезгілдерін ата?

-Қазір жылдың  қай мезгілі?

-Күз айларын  атаңдаршы?

-Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

 

1.Табиғат бұрышына жақындап келіп, балаларға жұмбақ оқиды.

Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап,

Басына бөрік киер, құндыз ұстап.

(Тотықұс)

— Кәне, біздің табиғат бұрышындағы тоты құсқа назар аударайық.,,

Назарларын тотықұсқа аударады.

Балалардан тотықұс туралы білетіндерін сұрау. Балалардың жауаптарын тындап болған соң, тотықұс туралы ақпарат беру.

Тотықұс-құйрығы қысқа,түрлі түсті құс. Ол Африка, Америка және Австралияда тіршілік етеді. Адамдар оны қолға үйретіп,

торда ұстайды. Сөйлейтін тотықұстар да бар.Олар сенің айтқаныңды қайталайды Тотықұстың қанаттарын, тұмсығын, аяқтарын көрсетіп,олардың атқаратын қызметімен таныстыру. Мысалы, қанаттары ұшу үшін,тұсмсығы қорегін шоқып жеу үшін,аяқтары жүру және бұтаққа қонып отыру үшін керек. Кәне,тотықұсқа жем беріп,ол жемді қалай шоқып жейтінін көрейік.

Ғажайып сәт:

Пошташы келеді, хат әкеледі.

Хатта тапсырма тоты құстың суретінт құрастыру.

Сергіту жаттығуы.

Кәне,қанат жазайық,

Тоты болып ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Қайта келіп қонайық.

Жеке жұмыс:

Үй және жабайы құстарды ажырат.

Тиым сөздер айту;

1.Құстардың ұясын бұзуға болмайды.

2.Торғайларды таспен атуға болмайды.

 

 

-Қыс, көктем, жаз, күз.

-Күз мезгілі.

-Қыркүек, Қазан, Қараша.

-Күзде Жаңбыр жауады, күн суытады, балалар жылы киінеді, қолшатыр ұстайды.т.б.

 

Жұмбақтың шешуін айтады.

Тотықұс

 

 

 

Тотықұсқа назар аударады.
 
Балалар өз ойларын айтады.

 

 

 

 

 

Балалар мұқият отырып тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтіне белсенділікпен қатысып, қимылдарды жасайды.

 

 

 

Құстарды ажыратады.

 

Тиым сөздерді есте сақтауға талпынады. Өздері білетін тиым сөздер айтады.

 

 

 

Рефлексиялық-түзетушілік

 

-Балалар біз бүгін оқу қызметінде біз кіммен таныстық?

-Тотықұстың қандай?

-Үй құстарын атап беріңдерші?

-Дала құстарын атап беріңдерші?

Балаларды мадақтау.

 

 

Балалар  сұрақтарға жауап береді. Өз ойларымен бөліседі.

 

 

 

 

 

 

 

    

Күтілетін нәтиже:                                                                                                              

Біледі: үй құстары мен дала құстарын ажырата алады.

игереді:  тотықұс туралы түсінік қалыптасады;                                                                                 

меңгереді: Жаңа сөздердің қазақша және орысша атауларын меңгереді.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *