«Сиқырлы әлем»
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы: «Сиқырлы әлем»
Психолог: Утебаева Ғазиза Сабыровна
Тақырыбы: «Сиқырлы әлем»
Сабақтың түрі: Психологиялық ғажайып сәт.
Мақсаты: Ғажайып саяхат арқылы балалардың қиялын дамыту, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылығын арттыру. Бір-біріне көмектесу, достасу.
Міндеті: Балалар мен психолог арасындағы сеніммен, қарым-қатынасты ұйымдастыру.
Топпен жұмыс жасау.
Агрессиялық импульстарды, қобалжуды төмендету.
Көрнекі құралдар: Аспан әлемі туралы слайд,жұлдызшалар, суреттер.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, таныстыру, сұрақ – жауап, жұмбақ шешу, ойын.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Ал балалалар қанеки қонақтармен сәлемдесіп алайық. Сәлеметсіздерме қонақтар! Енді жылулық шеңберін жасап дөңгелене тұрайық.
Жылулық шеңбері:
Ауадан қуат алайық.
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық.
Алақанға салайық.
Күннен қуат алайық.
Қонақтарға күн шуағын сыйлайық.
Балалар, бүгін біз өте ерекше бөлмедеміз ,бұл жерде біз аспан әлемін зерттейтін боламыз. Аспан әлемінің ғажайыптарымен танысамыз.
— Балалар, біз қай ғаламшарда өмір сүріп жатырмыз?
Балалардың жауабы: Жер, дұрыс айтасыңдар.
-Жер — біздің тұрып жатқан мекеніміз, ортақ үйіміз.
Ал жоғарыда не бар?
Балалардың жауабы: Аспан әлемі.
— Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер ме?
— Сендерге ұнай ма?
Балалардың жауабы: Иә ұнайды.
Маған да ұнайды.
Олай болса балалар күн, жұлдыз, ай барлығы қайда орналасқан?
Балалар: Аспан әлемінде.
Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Қалай ойлайсыңдар, жұлдыз деген не? Олар неге ұқсайды?
Балалардың жауабы: Дұрыс балалар, біз жұлдыздарға қарағанда олар кішкентай, ұсақ болып көрінеді. Өйткені олар өте биік жоғарыда орналасқан. Жарайсыңдар!
Балалар, бүгінгі біздің саяхатымыз өте қызықты болмақ, өйткені біз аспан әлемі, ғарыш туралы білетін боламыз. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Ғарыш деп аталады екен, Ғарыш әлемі кең байтақ! Ғарыш әлемінде көптеген ғаламшарлар, көптеген жұлдыздар бар. Мына жұлдыз — Жетіқарақшы деп аталады.
Күн — ғарыштың жүрегі, біздің планетамыздың жылу көзі.
(суреттері көрсетіледі)
Балалар, бұл телескоп деп аталады, телескоппен аспандағы жұлдыздарды қарайықшы.
Балалар, бұл не нәрсе екен ұшып келе жатқан ? Сендерге көрінеді ме? Аспаннан ұшып келе жатқан зымыран сияқты.
Ия балалар, бұл расыменде зымыран екен.
Балалар, қараңдаршы бізге хат келіпті, қане оқып көрейін ішінде не жазылған екен?
— Міне, қызық хаттың ішінде бізден жұлдыз көмек сұрапты, балалар, біз жұлдызға көмектесеміз бе? Ия көмектесеміз. Көмектесу үшін біз батыл болуымыз керек ия балалар. Балалар, сендер осындай ғажайыпқа сенесіңдер ме?
Балалардың жауабы:
Осы кезде ғарышкер келеді.
Ғарышкер: Сәлем балақайлар, мен сендерді аспан әлеміне жеткізуге келдім дайынбыз ба? Ендеше балалар дайындалайық .
Арнайы киімдерді киіп алайық.
Ән-әуез жетекшісі: Ғарыш әуені
— Көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап, ұшуға дайындалайық. Міне балалар, ғарыш әлеміне де келдік. Аспан әлемінде Жұлдыз жылап отырады.
— Балалар, мына жерде біреу жылап отырған сияқты, неге жылап отырғанын сұрайық. Сен кімсің? Неге жылап отырсың?
Жұлдыз: Мен ғарыш әлемінің жұлдызымын. Менің досым бар еді, бірақ жат планеталық оны жасырып қойды. Досымды таба алмай жылап отырмын. (жылайды)
— Сен жылама, біз сенің досыңды табуға көмектесеміз. Балалар, жұлдыздың достарын іздеуге дайынбыз ба? (Иә)
— Жат планеталық шығады: Сендер кімсіңдер? Бұл жерде не іздеп жүрсіңдер?
— Біз Жұлдыздың досын іздеп жүрміз, оларды жат планеталық жасырып қойыпты, сіз көрген жоқсыз ба?
Жат планеталық: Ха-ха-ха-ха мен жасырып қойдым. Жат планеталық мен боламын. Егерде, сендер менің тапсырмамды дұрыс орындасаңдар мен Жұлдыздың досын көрсетемін.
Жұмбақтың жауабын тауып көреміз бе?
Жұмбақтар:
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн) ( Сольнце) ( Sun)
Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз) ( Звезда)( Star)
Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз. (Зымыран) (Ракета)( missile)
Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ. (Ай) (Луна) (moon)
—Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар! Ал мен жұлдыздың досын тауып беремін.
Жұлдыздың досы табылады.
Досы табылып, Жұлдыз құшақтап қуанады.
Жат планеталық өзінің әрекетінің дұрыс еместігін түсініп, Жұлдыздан кешірім сұрап, жұлдызбен достасады.
Балалар, Ғарышкер болу үшін қандай болу керек?
Балалар: Денсаулығы мықты, өзі батыл, әрі білімді болуы керек.
Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Жұлдыз біздің балалармен ойын ойнауға қалай қарайсың?
Жұлдыз: Жарайды көңілім көтерілді, достарым табылды ойнасақ ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Жұлдызды аспан әлемі»
Ойын шарты: Балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу.
Мысалы: Гүл жерде, ай аспанда , күн аспанда, тал жерде, машина жерде, үй жерде, жұлдыз аспанда, бұлт аспанда.
Жарайсыңдар, балалар!
Балалар, енді бәріміз сергіту жаттығуын жасап сергіп алайық.
Кешірімді баламыз,
Жұлдыздай болып жанамыз.
Кішіпейіл боламыз,
Құстай қанат қағамыз!
Кешірімді баламыз,
Жұлдыздай болып жанамыз.
Кішіпейіл боламыз,
Құстай қанат қағамыз!
Балалар, біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды, бәріміз зымыранға отырайық!
Ғарышкер:Балалар, олай болса жақсылап жайғасып алыңдар, мен сендерді балабақшаға апарайын!
Жақсы сау болыңдар! Келесі саяхатта кездескенше!
Жұлдыз бен Жат планеталық балалармен қоштасады.
Балалар сау болыңдар! Сендерге көп рахмет!
Балалар сендерге сиқырлы әлемдегі саяхатымыз ұнадыма?
Балалар жауабы: Әрине ұнады.
Қорытындылау.
Сұрақ-жауап арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін пысықтау.
-Балалар, бүгін біз қайда бардық?
-Біздер қандай ғаламда тұрамыз?
-Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?
Мадақтау: Балалар, жарайсыңдар бүгінгі саяхатымызда жұлдызға көмек көрсетіп, тапсырманы жақсы орындап, достарын тауып бердіңдер.
Бүгінгі саяхатымыз ұнады ма балалар?
Балалардың жауабы: Ұнады.
Күтілетін нәтиже: Балалардан көтеріңкі көңіл-күй күттім, бүгінгі оқу-қызметіне белсене қатысты.
Қайталайды: Үш тілде сөздікті.
Түсінеді: Ғарыш әлеміне арнайы зымыранмен ұшатындығын, олардың арнайы киімдерінің болатындығын.
Қолданады: Телескоп.