Ағылшын тілі сабағында                         ойын түрлерін қолдану әдістері

 

                   

                              Түркістан облысы

Сарыағаш қаласы

 «№5С.Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағылшын тілі пәні мұғалімі  Таубаева Элмира

 

Ағылшын тілі сабағында

                        ойын түрлерін қолдану әдістері

 

Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып,әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі ағылшын тілін жетік меңгеруді талап етеді. Ағылшын тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруді қамтиды.

Қазіргі заманғы мұғалім баланың өз бетінше дамуына көмектесетін, оның сабаққа деген қызығушылығын оята алатын адам болуы тиіс.Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін білімді, парасатты, мәдениетті,жан-жақты дамыған ұрпақ дайындауға міндетті.

Әрине, шетел тілін меңгерудің өзіндік қиыншылықтары бары рас.Сондықтан сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарда ойын түрлерін пайдалану оқушының шет тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздіктерін азайтып,тілді тез әрі жеңіл үйренуге ынтасын арттырады,сабаққа деген қызығушылықтарын және шығармашылық қабілеттерін дамытады.Ойын түрлерін мұғалім өз шеберлігін түрлендіре отырып қолданса көтеріңкі көңіл күй қалыптасып,балалардың шаршауына жол бермейді.

Сонымен қатар, кез келген қарапайым сабақты көңілді, қызықты етіп өткізуге әсер етеді.

Сабақта қолданылған кейбір ойын түрлерін келтіре кетейін:

Апта күндерін үйренген кезде «Calendar» ойынын ойнауға болады.Бұл ойынға балалар қызыға қатысады.Сыныпта 1-2-ге дейінгі сандар ілінеді.7 оқушы күн аттары жазылған карточкалар алады (Sunday,Monday…) балалар күн аттары мен сандардың алдына барып тұруы керек.Егер бір санның алдына екі немесе бірнеше бала барып тұрса, сынып оқушылары олардың дұрыс еместігін шешеді.Ойынға әр қатысушы реттік санды және ай атын айтуы тиіс.Мысалы: «Monday is the second day of week».Қалған оқушылар «It’s right» немесе «It’s wrong»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ерте жастағы балалар жұмбақ шешкенді өте жақсы көреді. Оларға «What is this» ойынын қолдануға болады.Алдын ала дайындалған қуыршақ, мысық,доп, шар,т.б.Слайдта суреттің бір бөлігі ғана көрсетіліп тұрады.Мысалы: қуыршақтың бантигі. Мұғалім балалардан: «Guess, what is this?» Ал балалар мұғалімге сұрақ қояды: «Is this a girl?» «Is this a cat?» т.с.с. Мұғалімнің жауабы: «No, it is not» «Yes,it is».

Ағылшын тілінде ойындарды үш топқа бөліп өткізуге де болады.Олар:

1.Фонетикалық ойындар

2.Сөйлеуге даңдыландыру ойындары

3.Жазба жұмысындағы ойындар

1.Фонетикалық ойындарды:

5-6 мин. Жарыс түрінде өткізуге болады.

-Мұғалім оқушыларды топқа бөліп,ағылшынша сөз айтады.Сол айтылған 4 сөздің ішінде біреуі 3 сөзден жазылуы басқаша болады.Жазылуы басқаша сөзді тапқан топ жеңеді.Мысалы:

Man-man-men-man. Ship-sheep- ship-ship.  Bad-bed-bad-bad. Live-leave-live-live

-Cабақ барысында өткен қандай да бір дыбыс бойынша жүргізуге де болады.Мысалы: [әе] дыбысына. Мұғалім әр топқа кезек-кезекпен осы дыбыс бар сөздерді айтқызады.Қай топ көп сөз айтса сол топ жеңеді

map,bad,cap,glad,to have,that,man т.с.с.

2.Сөйлеуге дағдыландыру ойындары:

-Тақта жанында 2 орындық тұрады.Біреуінде «дұрыс» ал екіншісі «қате» деген жазулар тұрады.Мұғалім: «The weather is fine!» дейді. Бірақ бұл кезде далада боран. Мұғалім бір баланың есімін айтады, есімі аталған бала «қате» деген жазуы бар орындыққа отырады да «The weather is bad!»деп қатесін дұрыстайды.Бұл ойынды да  топ арқылы жарыстыруға болады.Қай топ аз қате жіберсе, сол топ өздеріне ұпай жинайды.

Жазба жұмысындағы ойындар:

Мұғалім тақтаға қандай да бір сөз жазып қояды.Мысалы: «Schoolchildren».Осы жазылған сөздерден оқушылар жаңа сөздер құрастырып шығару керек.Шығатын сөздер мыналар: he,she,side,shoe,son,nose,ill,red,doll,line,child,school т.с.с. Қай топ көп жинаса, сол топ жеңеді.

-Мұғалім оқушыларды топқа бөледі де, бірінші топқа black деген сөз айтады.

1-топ black сөзін аударады.

2-топ сөздің антонимін табады. Мысалы: Black-White

1-топ black сөзіне сөйлем құра тапсырмасын орындайды Мысалы: Black cat.

Келесі топқа мұғалім тағы бір сөз айтып оны аударып ары қарай ойын жалғаса береді.

Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды.Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен,ол ұжымдық әрекет.Ойын арқылы оқушының:

 

 

Сабақ  барысында оқушы зейінін сабаққа аударуда ойындардың үлесі өте зор.Балалар білімді ойын арқылы қабылдап үйренеді.Ойын арқылы балалар көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *