«Ауаның қасиеттері»
Тақырыбы: «Ауаның қасиеттері»
Мақсаты:
- Балаларды ауаның қасиеттерімен таныстыру;
- Тәжірибе арқылы ауаны, біздің айналамыздағы қоршап тұрғанына
көздерін жеткізу.
- Ойлау белсенділіктерін, байқағыштықтарын арттыру.
- Қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап, тәжірибе жасау.
Сөздік жұмыс: поролон, түтікшелер.
Керекті заттар: тақырыпқа сай суреттер, су құйылған ыдыс пен түтікшелер, поролон, ауа толтырылған шар.
Алдын ала жұмыс: Видео ролик «Мен табиғат аясындамын»
Билингвальды компонент:ауа-воздух, самал жел-легкий ветерок.
Тәрбиеші: — Балалар, бүгін тобымызға таңертең пошташы сәлемдеме алып келіпті. Сәлемдемені біздің досымыз -Самал жер жіберіпті. Не бар екенін көрейік.
«Шардың ішінде не жасырынғанын табыңдар. Оның ішінде не болуы мүмкін?»
Балалар:-Балалар үрленген шарды айналдырып қарай бастайды. Олар өз пікірлерін айтады
Тәрбиеші: шардың байланған жібін шешіп, ішіндегі ауаны жайлап шығара бастайды.
-Меніңше шардың ішінде бір нәрсе бар сияқты. Өйткені оның жібін шешкенде,дыбыс естілгендей болды.
Балалар: Шарды босатқандағы ысылдаған дыбысты тыңдайды.
-Шардың ішін босатқанда, одан ауа шықты.
Тәрбиеші: Ауа тағы қай жерлерде жасырынып жатуы мүмкін ? Біз де өзімізді ғалым деп сезініп, тәжірибе жасап көрейік.
-Біз мұрнымызбен не істейміз?
-Біз немен демаламыз?
Балалар: тәжірибе жасауға дайындалады.
-Біз мұрнымызбен демаламыз.
-Біз ауамен тыныс аламыз.
-Яғни мұрын арқылы ауа біздің өкпемізге өтеді. Тынысты шығарғанда ауа қайтадан ауыз немесе мұрын арқылы сыртқа шығарылады.
— Кәне бәріміз тексеріп көрейікші.
Балалар: мұрынмен тыныс алып, тәжірибе жасайды.
I тәжірибе
-Енді түтікті суы бар стаканға салып үрлейік . Стақан ішіндегі суда не пайда болды?
Балалар:түтікше арқылы стақандағы суға ауа үрлейді. Көпіршіктердің пайда болғанын байқайды.
-Алдарындағы желпеуіш қағазды өзімізге қарай желпітіп көрейікші. Не байқадық?
Балалар:Желпеуіш қағазды желпіп, желдің ауаны байқайды.
-Шарды үріп ыдыстағы суға салып көрейікші? Шар неге суға батпайды?
Балалар:үрілген шарды ыдыстағы суға салады. Шардың ішінде ауа болғандықтан суға батпайды.
II тәжірибе
-Мына паралонның кішкене бөлігін суға салып көрейік не байқадық?
Балалар:паралон суға батпағанын байқадық. Себебі ол тығыз емес, оның бойында ауа бар .
Келесі тәжірибеміз май шаммен жасап көреміз. Май шамды ашылған есікке қарай апару. Есіктен соққан желді көреміз.
Қорытынды:
Балалар ауаны не ластайды деп ойлайсыңдар?
Заводтардан шыққан түтін, көліктерден шыққан түтіні т.б.
-Дұрыс айтасыңдар, қаламыздағы ірі зауыттан шыққан түтінмен,көліктен бөлінген түтін ауаға тарап содан ауа ластанады.