«Ауасыз өмір жоқ »

Тақырыбы: «Ауасыз өмір жоқ »

Мақсаты: Балалардың танымдық белсенділігін арттыру. Ауаның адам өмірінде маңыздылығы туралы түсінікті кеңейту.

  • Эксперимент жүргізу кезіндегі балалардың қауіпсіздік ережесін сақтауын қадағалау. Өзін қоршаған ортаны тани білу.
  • Өз бетінше , өз ойын жеткізуге, қортынды шығаруға дағдыландыру. Өлі табиғат туралы білімін кеңейтіп, тереңдету.

Әдіс-тәсілдері: Көрнекілеу (бақылау,бейне таспа көру, иллюстарация)

Практикалық (тәжірибе- ойын, ойын-эксперимент, дидактикалық ойын)
Керекті заттар: шар, целофан қалта, түтікше , пластик стакандар, лентта, су, салфетка, банка, желпуіш, леген, ермек саз, сабын көпіршіктер.

Тәрбиелік іс-әрекеті:

Сәлеметсіздерме, балалар! Менің атым Негеш. Мен сендерді өзімнің зерханама шақырамын.

— Сендер зертхана дегенді білесіңдер ме?

— Қандай ақылдысыңдар. Әрине зертхана — тәжірибе, эксперимент жасайтын арнайы орын.

— Сендер тәжірибе жасауды ұнатасыңдар ма?

Онда сендермен тәжірибе жасамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік.

Үлкеннің рұқсатынсыз

-орныңнан тұрып жүруге,

-құрал-жабдықтарды ұстауаға,

-ауыз, мұрын, құлаққа танымайтын затты апаруға болмайды

-Балалар, ғылымдар табиғаттың жұмбақ сырын шешкісі келеді.

Осындай бір жұмбақты сендерге қоямын.

Осы бөлмеде не өте көп, бірақ оны біз көрмей тұрмыз?

-Қалай ауаны көріп, сезе аламыз?

Балалар ауаны көріп білу үшін, бірнеше қызықты тәжірибелер жасап көрейік.

1-ойын-эксперимент «Ауаны іздейік» 

Біздің айналамызда ауа бар. Ол бізге көрінбей тұр, оны қалай табамыз. Ол үшін бәрің терең дем алып,  демді қайта шығарыңдар.

-Не жұтып, нені шығардыңдар?

-Ал оны көрдіңдер ме?

-Адам ауасыз өмір сүре алмайды. Тыныс алу, тыныс шығару жолдары арқылы ауа өкпеге барады, өкпедегі жіңішке түтікшелер арқылы қанға барады, өкпедегі жіңішке түтікшелер арқылы қанға өтеді де, ал ондағы зиянды, керек емес ауаны сыртқа шығарады.

2-ойын-эксперимент «Ауаны көру үшін, оны ұстап ал»

Ауа бөлмеде көрінбейді. «Ауаны көру үшін, оны ұстап ал» тәжірибесін жасайық.

Целофан қалтаны балаларға таратып, ішіне ауа толтырып аузын бекітуін айту. Ауа толған қалта жастыққа ұқсайды. Енді қалта аузын шешіп, ауаны жіберейік кішкене, бос болып қалды. Осылай 2-3 рет жасаймыз.

-Қалта  қандай көлемде? Қалтада не бар?

-Біз  не туралы білдік? Ауаның түсі бар ма екен?

3-ойын-эксперимент «Көңілді көпіршіктер»

Стакандағы суға түтікше арқылы үрлейді.

— Нені байқадық?

— Ол ауа қайдан келді?

— Ауа көпіршіктері қайда кетті?

Себебі ауа суда жеңіл

Балалар,  маған Білгішпек тағы да ауаның судан жеңіл екені туралы айтқан болатын.

4-ойын-эксперимент «Салыстыр». Соны жасап көрейік.

Екі апельсин алып, біреуін қабығын аршып, екіншісін қабығымен су толтырылған екі банкіге саламыз.

Бір банкіде апельсин батып кетеді, екіншісі қалқып тұрады.

-Бұл қалай болды? Қане кім айтады?

Қане, балалар  «Батады-батпайды» ойынын ойнайық.

Шарты:  Мен бір затты көрсетемін,егер батса орындықта отырып, «бүлк-бүлк» деп айтамыз, егер батпаса орнымыздан тұрып  «шылп-шылп» деп айтамыз.

Пайдаланатын құралдар: қасық, пробка, ермексаз бөлігі, ағаш, шеге, диско, шарик, пластик ойыншық т.б

Жарайды балалар, серігіп қалдыңдар ма?

Ал енді ауаның тағы қасиеті, иісі болады ма? Қалай ойлайсыңдар?

Мысалы: апаларың асханада тамақ дайындаса, тәтті тоқаш, пирог, т.б пісірсе- иіс шығады ма?

Немесе бақшада, орманда, ағаштардың арасында.

Әрине , ауаға араласқан өзіне тән иістер болады.

-Ал өздерің отырған бөлмеде иіс барма?

Менің қолымда апельсин қабығы салынған қалта бар. Осыны иіскеп көріңдер? Ненің иісі шығады?

Ия, өйткені бұл қалтада апельсин болған. Сондықтан апельсин иісі бар ауа болған.

Ауа-түссіз, жеңіл, иіссіз екенін білдік балалар.

Ауаның қозғалатының бақылайық.

№ 1-тәжірибе «Желпеуіш»

Өздерің дайындаған желпеуішпен желпіп көріңдер? Беттеріңе самал леп соғады. Бұл не?

«Мен мұндамын. Мен сенің айналандамын» дейді. Ауа қозғалып беттеріңе жұмсақ леп беріп жатыр.

Не үшін желпеуіш керек екенін, қазір оның орнына желдеткіш,кондиционер қолданылатын айту.

№2-тәжірибе. «Толқындар»

Әр балаға су толтырылған леген беріледі. Ішінде қағаздан дайындалған қайық бар. Қолындағы желпеуіштерімен қайықты желпиді.. Желпеуіш қозғалған сайын,ауаны қуып жатқандай сезінеді.

Дидактикалық ойын «Көбелектер»

Әр балаға ұшында көбелек байланған жіпті таратады. Балаларға терең дем алып,жіптің ұшындағыны үрлеуді ұсыну.

— Не байқалды?

Я,сендердің ауыздарыңнан шыққан желден олар ұшты. Біз ауаның қозғалуын тағыда көрдік.

— Не білдіңдер?

— Желді қалай бейнелейміз?

— Балалар, көп ауаны қайдан табуға болады?

Бейне таспадан аэрожабль, дирижабль, су астына түскенде киетін водолаз костюмі суретін көрсетіп, түсінік беру.

№3-тәжірибе «Шарды ауаға толтыру»

Әр балаға шар таратылады. Шарды үрлеп ауаға толтыруды айтады.

Кімде қанша ауа бар?

Қане өздерің салыстырыңдар.

Бір шарды көбірек үрлеп, оның жарылып қалғанын көрсетіп, неге олай болғаның жауабын өздеріңнен сұрау.

 Қорытынды:

Енді жаңа үрлеген шарларыңдағы ауаны жәймен босатып шығаруын сұрайды. Дыбыс бар ма? Шығып жатқан ауаға  алақандарынды тигізіңдер. Не сездіңдер?

Міне, балалар, бүгін сендер топта отырып, онсыз өмір, тіршілік болмайтын ауаның қыр-сырымен таныстыңдар.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.