Елбасым — мақтанышым!

«Елбасым – мақтанышым!»

 

1-желтоқсан – ҚР тұңғыш Президенті күні екені баршамызға мәлім. Осындай атаулы күні Қарақия ауданы Жетібай ауылындағы 10 жылдық тарихы бар, бүлдіршіндердің сүйікті мекеніне айналған «Ғарышкер» балабақшасында «Елбасым – мақтанышым!» тақырыбында тәрбиеші Балмаганбетова Актоты Асубаевнаның жүргізуімен  мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайыстың мақсаты: балабақша тәрбиеленушілеріне біздің елбасымыз мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы екенін түсіндіріп, мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым – президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет екенін ұғындыру және Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған көптеген ақындардың өлең-жырларымен таныстыру болатын. Бұл сайыста балалар елбасы туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, байқауға түсті. Байқау соңында балабақша тәрбиеленушілері Қарақожа Іңкәр бас жүлдеге ие болса, Исметтулаева Молдир мен Темірхан Саягүл жүлделі І орынды, Лескен Жанайым мен Әбжет Аяжан ІІ орынды, ал Айтпай Әлімжан мен Ерсайын Айжарық ІІІ орынды теңдей бөлісті. Сайыс өз мәресіне жеткенде, балабақша директоры – Қаламбаева Гүлшат Серікқалиқызы дарынды бүлдіршіндерді дипломмен марапаттап, келешектерінен зор үміт күтетінін айтты.

Сонымен қатар, тұңғыш президентіміз – Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының өмір жолына шолу жасау мақсатында дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы Эльмира Абулталиповна мен тәрбиеші Лайла Тулепбаевнаның ұйымдастыруымен «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты фото-көрме жасақталды. Бұл фото-көрменің мақсаты: Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерімен таныстырып, жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, қадірлі тұлға екенін таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Көрмеде балалар елбасының жастық шағы мен отбасы туралы мәлімет алып, алғашқы еңбек жолынан бастап, қазіргі президенттік шағына дейінгі кезеңімен танысты. Әлемнің ірі елдерінің президенттерімен жүргізген келіссөздерінің суреттеріне қызығушылық танытып, мақтаныш сезімдерін жасыра алмады.

Бүгінде бүкіл елдің қолдауымен сеніміне ие болып, елді сындарлы жолмен болашаққа айқын бастап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын — Тұңғыш Президент күні біз үшін де өте қадірлі мереке. Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын, қазақ елі!

Қарақия ауданы, Жетібай ауылы

«Ғарышкер»  балабақшасы МКҚК

БЕРДІҚОЖА БИБІФАТИМА

ХАННАЗАРҚЫЗЫ

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.