Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс.

Кумекбаева Айнур Ескараевна

Тәрбие  –  жеке тұлғаның  адамдық бейнесін, ұнамды, мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бала туылғаннан бастап бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі кезеңдерінен өтіп «Өмір» атты ұлы жолға аяқ басады. Осы адамзат баласының тәрбиеленуімен тікелей айналысатын ғылым түрі –  «Педагогика» болып саналады.

Ең алдымен ғылым атауы ретінде «Педагогика» термині мәнін ашып алайық. Педагогика – «пайдагогос» (грек тілінде «пайд» — бала немесе тәрбие, «гогос» — жетектеу деген сөздерден құралған) – бала жетектеу немесе бала тәрбиелеу деген мағынаны береді. Бұл ұғымның шығу себебі ежелгі грек елінде баланың тамағын тойғызып, ойнатып, бос уақытында айналаны танып білу сияқты жұмыстармен айналыстырып, қолынан жетектеп жүріп өмір сүру іс-әрекеттеріне жалданған құлды «Педагог» деп атаған екен. Бертін келе педагог деп балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісімен тікелей айналысатын адамдарды атапты. Бірте-бірте бала тәрбиесіне қатысты білімдердің жинақталуы ерекше сала ретінде жалпы педагогика ғылымының пайда болуына алып келген. Жалпы педагогика – тәрбие, оқыту және дамыту үдерістерінің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Сонымен қатар жалпы педагогиканың негізгі категориялары бала тәрбиелеуде үлкен көмегін тигізеді. Олар: білім беру, тәрбиелеу, оқыту. Білім беру – бұл оқыту нәтижесі, баланың  меңгерген білімдер, іскерліктер, дағдылар және ойлау әдістер жүйесі болып табылады. Ал оқыту дегеніміз – тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арнайы ұйымдастырылған, мақсатты және басқарылатын өзара әрекет ету процесі. Тәрбие – бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені игеру үшін бағытталған өзара әрекет ету процесі.

Педагогика ғылымы бізге қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтауға көмектеседі. Бала тәрбиелеу ең күрделі процесс. Сонымен қатар «Балаға жақсы тәрбиеші болу үшін, тәрбиеленген болуың керек!»  —  деп Антон Макаренко айтпақшы жақсы шәкірт тәрбиелегіміз келсе, алдымен тәрбиенің көзін өзімізден бастауымыз қажет. Біз тәрбиеші – педагог ретінде балаға қуаныш сыйлай отырып, оқыта тәрбиелеуге міндеттіміз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.