«Б» дыбысы мен әрпі

Хожамуратова Әмина Жұмақожақызы

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: «Б» дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Балаларды «Б» дыбысымен таныстырып, дауыссыз дыбыс екенін айту. «Б» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге, есту арқылы сөз арасынан «б» дыбысын табуға үйрету. Ойын арқылы ептіліктерімен сөздік қорын арттыру.

Кіріктірілген оқу қызметі: Қарапайым математика

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,  дәптермен жұмыс, ойын, тақпақ.

Сөздік жұмыс: Бірқазан, белбеу.

Қостілділік: балға-молоток, балта-топор, бесік- колыбель,бағдаршам-светофор.

Балалар шаттық шеңбер құрады:

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып аламыз.

Сәлеметсіздерме! Здраствуйте! Good morning!

Балалар өткен оқу қызметін қайталап оқиық. Дыбыс  дегенміз не? Әріп  дегеніміз не? Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Мен сендерге балалар жұмбақ жасырғым келіп тұр, жұмбақты шешеміз бе?

Таба да бар,

Тана да жоқ.

Саба да бар,

Сана да жоқ.  («Б» дыбысы)

 

«Б» дыбысына түсінік беру.

«Б» дыбысы дауыссыз, сөздің басында, ортасында кездеседі. «Б» дыбысы бастапқы қалпын сақтай алмағандықтан дауыссыз болып есептеледі. Дауыссыз дыбыстарды көк түспен белгілейміз. «Б» дыбысынан басталатын және сөздің ортасында келетін «Б» дыбысымен танысайық. Балаларды «Б» дыбыстарынан басталатын балға, балта, бесік, бағдаршам сөздерінің орыс тілін молоток, топор, колыбель, светофор тілділігімен таныстырамыз.

Сөздік жұмыс: белбеу, бірқазан деген жаңа сөздердің мағынасымен таныстыру.

Математикалық салысытыру

Бақа мен ботаның қайсысы көп екенін, бауырсақ пен бөлішкенің аз, көбін салыстыру.

Ойын: «Өз орнына орналастыру.»

Шарты: «Б» дыбысынан басталатын суреттерді бір бағанға, «Б» дыбысы жоқ суреттерді бір бағанға орналастыру.

Мақсаты: Балалардың зейінін арттыру тілдік қорын молайту.

Дәптермен жұмыс: Бота, бақа, бор сөздеріндегі үзік сызықтарды бір-біріне қосу.

Сергіту сәті:

Ал балалар бір ауық,

Әріп сырын ұғайық.

«А» дегенде ашайық,

«Б» дегеенде жұмайық.

«А», «Б», «А», «Б» жазу жазамыз тағы.

Балалар сергіп болған соң, жұмыстарын аяқтайды.

Балалар бітірген жұмыстарын бір-біріне көрсетіп өздеріне баға береді.

Ал балалар өз жұмыстарыңды аяқтап болсаңдар, «Б» дыбысына байланысты қандай тақпақ білесіңдер?

Қызғалдақ:

Балабақша базарлы үй,

Ауылдағы ажарлы үй.

Күлкісі бар шуақту,

Өз үйіміз сияқты.

Заңғар:

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Иманали:

Батам,батам батпасын,

Батам жерде жатпасын.

Балабақша балаларын,

Құдай өзі сақтасын.

Қонаққа келген апайлар,

Бізді әбден мақтасын.

Аман болсын қазағым,

Еш жамандық тартпасын.

Рефлекциялық-түзетушілік:

-Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнадыма?

-Қандай дыбыспен таныстық?

-«Б» дыбысы қандай дыбысқа жатады?

Балалар сендер бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар, сендер рахмет.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: «Б» дыбысынан басталатын сөздерді

Түсінеді: «Б» дыбысының дауыссыз екенін

Қолданады: Үзік сызықтарды бір-біріне қосуд

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.