Балабақша – тәрбие бастауы!

Оспанова Назгуль  Артыкбаевна

Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқасын досыңдай сырлас» — деген тамаша сөз бар. Бұл — мағынасы терең философиялық өмір шындығы. Шынында да, тәрбие сәби дүниеге шыр етіп келген алғашқы сәттен басталуы керек. Адам мінезі бес жасқа дейінгі кезеңде қалыптасады деседі. Ендеше, жас сәбиді алғашқы күннен бастап тәрбиелеу керек. Әрине, баланың тәрбиесі отбасынан басталады. Дегенмен, тәрбие ретінде балабақшаның да алатын орны ерекше.Сондықтан балаларды ерекше күтіп, тәрбиелеу керек. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіміз қажет. Және баланың үйде отырмай, балабақшаға барғаны жөн. Өйткені, бала сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық болмайды, адамдармен тез араласады. Балабақша ең алдымен баланы тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Баланың ойлау қабілеттерін арттыру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз. Ата- бабаларымыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен басталады, яғни тәрбиенің негізі отбасынан бастау алады. Балабақша, одан кейін мектеп адамның қоршаған ортада жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады деп ойлаймын.
Балабақшаның әрбір күнін қызықты да тартымды, мәнді де мағыналы өткізуді жоспарлаған тәрбиешінің мақсаты – бала тағдырына жауапты екенін естен шығармау. Сол себептен өз ісімді балабақшамыздағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына бағыт бағдар беріп қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын.

Жас мамандарға аға тәрбиешілер бекітіліп, білікті педагогтармен бірлесе отырып жас мамандармен де жұмыстар жүргізу жүйелі жолға қойылған. Әдіскердің, яғни менің, ұстанымым өзімнің айналамдағы тәрбиешілеріме кеңес беруге, барынша жан жақты ізденіп ақпараттар алып, балабақша тәжірибесінде   қолдану жолдарын іздестіріді ұсынамын.

Менің әдістемелік қызметімнің жетістігі өз педагогтарымның өзін-өзін тануға ықпал жасау. Әрбір педагог маман шеберлігін, шығармашылығын, талантын жаңғыртып, өз ісінің шебері атанса мен үшін үлкен мәртебе. Балабақша тәрбиешілері барлық балабақшалар секілді келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне барынша қызмет етуде. Сөзімді қорыта айтқанда балабақша кішкентай бүлдіршіндеріміздің екінші үйі. Балалар еліміздің болашағы қоғамымыздың өрлеп дамуы өсіп келе жатқан жеткіншектердің ой-өрісіне рухани адамгершілік тәрбие бере білуімізге байланысты. Сол келешек өсіп келе жатқан жас ұрпақтың иелерін жан-жақты ой-өрісін, өмірге бейімділігін, ақыл парасаты мол, халқын, салт — дәстүрін сүйетін бүлдіршін бала тәрбиелесек нұр үстіне нұр болар еді.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.