Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

  • Көңілді математика әлемі

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • циклограмма

  • Геометриялық пішіндер мен денелер.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

  • Қыркүйек айына арналған преспектива 2022-2023жж

  • Балабақша тәрбиешілерін артық есеп беруден арылтатын бұйрық туралы

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2022

  • Мектептің мектепалды даярлық сыныбына арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудыңүлгілік оқу жоспары(5 жастағы балалар)

  • Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

  • Бөбек жасы балаларына арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу жоспары

  • Білім стандарты. 2022 жыл. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы

  • Инструктивно-методическое письмо. Детский сад. 2022-2023 уч. год

Жалпы рубрика
Home›Жалпы рубрика›Қазіргі психодиагностикадағы  тұлғаны тексерудің  жағдайы

Қазіргі психодиагностикадағы  тұлғаны тексерудің  жағдайы

By admin
5 мая, 2020
2976
0
Share:

Түркістан облысы

Арыс қаласы

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі

Педагог-психолог

Жұманова Зейнеп Жолдасбекқызы

 Қазіргі психодиагностикадағы  тұлғаны тексерудің  жағдайы.

       Психодиагностика (психо… және гр. diagnostikos — айырып тануға қабілетті) — адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын,сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы. Психодиагностика термині ол психикалық диагноз қоюды және оны анықтауды қарастырады. «Психодиагностика» терминін ең алғаш 1921 жылы ғылымға енгізген Г. Роршах. Ол психодиагностикалық зерттеу процесін «диагностикалық тест арқылы қабылдауға негіздеген». Психодиагностика жеке ерекшеліктерді өлшеумен байланысты түсіндіріліп, психологиялық тестілеу терминіне синоним ретінде қолданылады. Бұл аталған термин адамның психологиялық жағдайын толық кәсіби түрде шешуді көздейді.Сонымен қатар адамның психологиялық жағдайының, қасиетінің қандай да болмасын белгісін анықтайды. Р.Хейстің анықтауынша, психодиагностиканың пайда болуы психометриялық бағдарланған дәстүрлі тесттерге қарама-қайшы келетін және тұлғаның тұтас бейнесін кең ашуға бағытталған проективтік ыңғайлардың дамуымен байланысты. Танымал сөздікте: «Психодиагностика – тұлғаны бағалауды жүргізудің ғылыми негізі мен практикасы немесе клиникалық психологияның құралдары арқылы психикалық ауытқушылықтарды зерттеу». Психодиагностика саласында көптеген еңбектер жазылды, олар: «Психологиялық тестілеу» (Анастази), «Психологиялық тестілеудің мәні», «Психологиялық тестілеудің теориясы мен практикасы», т.б. Психодиагностика терминін бір жақты қарауға болмайды.Оның мынадай өзіндік ерекшеліктері бар. 1) Психодиагностика түсінігі арнайы психологияның білім аймағына ене отырып, практикада психодиагностикалық әр түрлі құралдарды қолданып отырады әрі бірнеше сұрақтарға жауап береді. 2) Психодиагностикалық зерттеулер психолог қызметінің іс-әрекетінен көрінеді.Бұл психологтың күнделікті практикалық жағдайынан байқалады.Яғни психолог өзінің іс-әрекетінде психодиагностика қызметін ұйымдастырады.Психодиагностика жұмысын жасау үшін психолог ең алдымен алдын-ала кәсіби дайындықта болуы қажет.Біртіндеп психодиагностика әдістерін меңгере отырып жұмыстану керек.Психолог ғылыми негізде және практикалық түрде психодиагностика негіздерін жақсы меңгеру қажет.Бұл психолог қызметінің сапалы,мазмұнды болуына көмегін тигізеді.Психодиагностиканың өзі жалпы психологияның аймағына ене отырып,бірнеше ғылым саласымен тығыз байланысты.Диагноз анықтау дегенді білдіреді.Психодиагностика деген сөз психология саласында екі мағынада қолданылады.Оның бірі психологиялық білімді зерттеу жұмыстарын орындаса,екіншісі психикалық білімді практика жүзінде қолданады.1960 жылдың соңынан бастап психологиялық диагностика саласында зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл салаға көп үлес қосқан Б.Г. Ананьев. Оның анықтауынша, «психодиагностика — тұлғаның психофизиологиялық қызметтерінің, процестерінің, күйлері мен қасиеттерінің даму деңгейін анықтайды, күрделі мінез-құлықты құрайтын құрылымдық ерекшеліктерді зерттейді, әртүрлі стимулятор, стрессор, фрустратор және күрделі ситуациялар әсер еткен кездегі адамның күйін бейнелейді, адамзаттың даму потенциалын айқындайды». Ресейлік монографиялардың бірінде психологиялық диагностикаға мынадай анықтама беріледі: «психодиагностика дегеніміз — адамдарды психологиялық және психофизиологиялық белгілері бойынша классификациялау әдістері туралы пән»(Гуревич, 1981) Е.А. Климовтың ойынша, психодиагностика дегеніміз — адамдармен жұмыс жасау кезінде тез психологиялық ақпаратты алуды қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдер туралы ғылым. Психодиагностиканың мақсаты – «әлеуметтік қоғамның психологияның алдына қоятын міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін диагностикалық әдістемелердің тиімді жүйесін өңдеу». А.А. Бодалев пен В.В. Столиннің психодиагностика бойынша шығарған кітабында мынадай мәлімет беріледі: «психодиагностика дегеніміз – психологиялық диагноз қоюдың практикасы мен ғылымы». А.Г. Шмелевтің «Психодиагностика негіздері» кітабында психодиагностика пәні туралы мынадай анықтама берілген: адамның жеке-психологиялық ерекшеліктерін танудың әртүрлі әдістерін пайдалану мен өңдеу туралы ғылым.Осында психодиагностика пәні туралы анықтамаларды саралай келе, біз мынадай қорытынды жасаймыз:Психодиагностика – бұл психологиялық ғылымдардың бір саласы, тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктерін өлшеу мен бағалау құралдарын, принциптерін, теориясын өңдеумен айналысады. Психология ғылымының бір саласы психодиагностика болып табылады. Ол негізгі мәселелерді шешу үшін өзіндік міндеттер қамтиды.сиходиагностика мынадай типтік қатардағы міндеттерді шешуді қарастырады.

  1. Адамның қандай да болмасын психологиялық қасиетін немесе мінез ерекшелігін қолма-қол белгілеу.
  2. Аталған қасиеттің даму деңгейін оның белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау.
  3. Қажет болған жағдайда адамның психологиялық және мінез ерекшелігінің диагностикалық жағдайын сипаттау.
  4. Әртүрлі адаманың қасиеттінің даму деңгейін зерттей отырып салыстыру.

Осы жіктелініп көрсетілген 4 міндетті практикалық психодиагностикада шешіледі.

Бұлар жүргізілетін зерттеудің мақсатына байланысты комплексті түрде немесе жекелейалынады.Психодиагностика психолог қызметінде негізгі орын алады. Бұл қызмет күрделі істі, әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ол маманнан кәсіби шебер, іскерлікті қажет етеді, себебі әрбір адам.

 

 

 

Previous Article

Сан аралықтардың бірігуі мен қиылысуы

Next Article

Мои достижения

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Жалпы рубрика

    Табиғатқасаяхат.  Бб  дыбысы  мен  әрпі

    9 мая, 2020
    By admin
  • Жалпы рубрика

    Тұрмыстық техниканы таңдау. Тұрмыстық техниканы қолдану ережелері

    26 мая, 2020
    By admin
  • Жалпы рубрика

    Программалық қамтамасыз етудің жіктелуі

    12 августа, 2020
    By admin
  • Жалпы рубрика

    Ибрагим ағайға арнау

    14 мая, 2020
    By admin
  • Жалпы рубрика

    Көрікті көктем

    2 июня, 2020
    By admin
  • Жалпы рубрика

    Зат есім

    2 июня, 2020
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    «Пішіндер мен түстер»

  • Балабақша

    Көктемгі гүлдер

  • Қысқа мерзімді жоспар

    Краткосрочный план

Жаңа жарияланымдар

  • «Менің үйім»
  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат
  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы
  • Көңілді математика әлемі
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • циклограмма
  • Геометриялық пішіндер мен денелер.
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»
  • Қыркүйек айына арналған преспектива 2022-2023жж
  • Балабақша тәрбиешілерін артық есеп беруден арылтатын бұйрық туралы
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2022

Күнтізбе

Январь 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
« Дек    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика