Ер есімі – ел есінде

ФИО: Жайлымысова Гульмира Акжигитовна

Қала: Шымкент қаласы

  Мектеп: Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосалқы мектеп-интернаты» комуналдық мемлекеттік мекемесі

  Қызметі: мұғалім-дефектолог

  Тақырыбы: «Ер есімі – ел есінде»

 

Ер есімі – ел есінде.

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік: оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу.

2.     Дамытушылық: отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, оларға патриоттық тәрбие беру.

3.     Тәрбиелік: оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, соғысқа қатысқан Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, портреттер, буклет, кітап, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

1.     Ер намысы – ел намысы.

2.     Ел үмітін – ер ақтар.

3.     Ер атағын ел сақтар.

Барысы: Қазақстанның мемлекеттік ән-ұраны.

Мұғалім: Биыл, біз Ұлы Жеңіс мерекесінің 75 жылдығын тойлағалы отырмыз.

         Жеңіс… Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жау аямай айқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана, жарын жоғалтып жесір, бала әкесінен анасынан айрылып жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама анамен бала айуандықпен азаптап өлтірілді.

         Ал тылда қалған қарттар, аналар мен бесіетен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалап жүріп бірде аш, бірде тоқ болып тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олврдың бойындағы Отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген Ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі жеңіс сағатын жақындата түсті.

         Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпылмаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата-әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде-ақ соғысқа аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қанмайданда мерт болған ерлердің рухына бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.

Әділет:  Дәл осындай жадыраңқы жай күні

               Болса дағы қай ғасырдың, қай жылы

                Ұлы Отаным басым иіп бір минут

                 Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

(1 минут үнсіздік, жай ған Ұлы Отан соғысы туралы ән естіледі)

Жұмагүл: 1941 жылы 22 маусым күні таңшапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде есімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Қатира:  Бұлт түнеріп аспаннан

                 Талай көзден жас тамған

                Тұтқиылдан жау тиіп

                 Қырғын соғыс басталды.

Аяулым: Отаным еркелеймін енді кімге,

                  Өзіңмен нені болса көрем бірге.

                  Қалайша қабырғама батпас менің,

                  Басына қатер бұлты төнген кезде.

Сахналық көрініс: «Ұлы Отан соғысы туралы»

Әділет: Соғыс жылдары-ақ Қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларвна әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгелелерінің ерліктері аңызға айналды. Соның ішінде атақты 28 гвардиялық Панфилов дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан 28 батырдың батальон кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының,  Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алды.

Давран: Генерал Панфилов.

                Әр солдаттың қамқоры

               Әкелік мол мейірім,

               Қадірледі халқы оны

               Көрсетіп кең пейілін.

               Қызылтаяң болғанда,

               Саспай тұрды генерал

               Тапқырлықпен қолды алға

               Бастай білді генерал.

Камал: Бауыржан Момышұлы.

               Жаралғандай жалыннан

               Жайсаң батыр Бауыржан.

               Естігенде есімін,

               Жау есінен жаңылған.

               Бұзып- жарып қоршауды,

              Жолсыз жерден жол салды.

              Достар түгіл ерлігін,

              Қасыда естіп тамсанды.

Жұмагүл: Әлия 1924 жылы Қабде ауданы Көкбұлақ жерде туған. Екі жасында жетім қалды. Отбасының жағдайына байланысты Әлия Ленинград қаласының балар үйінде тәрбиеленді.

         Әлия Казагиха деревнясы болған ұрыста батылдық көрсетті. Әлия өзі жараланғанына қарамастан «Алға!» деп айқай салып, жау траншеясына басып кіреді. Осы ұрыста ол оққа ұшады. Ол кезде Әлия 19 жасқа толмаған еді. Оның денесі сол селодағы батыр жауынгер зиратына қойылған. Кейін Кеңес одағының батыры деген атақ берілді.

Айғаным: Әлия Модағұлова.

               Ерлік керек қайда да,

               Іштей айтып осы әнін.

               Барды Әлия майданға

               Қорғайын деп Отанын.

               Қазақ қызы ғажайып,

               Мерген болған аты аңы.

               Қаһарманы қалықтың ,

               Мақтанышыты – апамыз!

Әділет: Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншақ деп атап кеткен. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанғанда 19-ға жаңа шыққан талдырмаш, пысық жігерлі қыз еді. Елімді қолыма қару алып қорғаймын деп алдыңғы шепке сұранады. Сөйтіп, қабырғасы әлі қатпаған Мәншүк пулеметші болып шыға келді. Өзі қорғаған Нивель қаласында Мәншүкке ескерткіш қойылған.

Қатира: Мәншүк Мәметова.

               Ай өтпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпек.

               Жеңіспен майдан бітіп, жас ержетпек.

               Ерлігі ел жүрегін тебірентіп,

               Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк кетпек.

Хор: С.Машақов «Мәншүк» әні.

              Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,

              Оқ борап, снаряддтар қаққанда ызың

              Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған

              Мен көрдім птлоткалы қазақ қызың.

              Қолында пулеметі «Максим» оның

              Бойында күш-жігері тасқын оның,

              Ерлермен тізе қосып шабуылда

              Оғымен қырғын майдан ашты жолын.

Жұмагүл: Москва. Неміс Фашист армиясының ең түпкі мақсаты – Москваны басып алу еді. 1941 жылдың күзінде Жау Москваға шабуыл жасады. Москваны бүкіл КСРО елі болып қорғады.

            Көп қой батыр ағалар

            Халық сүйіп бағалар.

            Көп қой батыр ағалар

            Жаттап алар балар.

            Болашақты бізге мирас етсем деп

            Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.

Дима: Вставай старана огромная

             Вставай на смертный бой

             С фашисткой силой темною

              С проклятою ордой.

              Пусть ярость благородная

              Вскипает как волна

              Идет война народная

              Свещенная война.

 Райса: «Катюша» әні.

Әділет: 1945 жылы, 9 мамыр біздің қаһарман халқымыз жауды тізе бүктірді. Сонан бері 65 жыл өтті. 9 мамыр күні соғыстың аяқталғанына 65 жыл толады.

         Сахналық көрініс: «Ана туралы баллада».

Әлия: Жеңіс, жеңіс!

           Бабамыздың-

           Қызыл қаны төгілген.

           Кеше туған және біздің

           Бағымыз боп көрінген.

          Жеңіс, жеңіс!

          Мектебіміз-

              Ашқан бізге есігін

              Ұмытылмас өткеніміз-

              Батырлардың есімі.

Ербол: Жеңіс келді қалама

              Жеңіс келді далама

              Жеңіс келді әке боп

              Жеңіс келді ән болып.

Алмас: Жеңіс келді алақай

              Тоя жейтін нан болып.

Сабира: Бақытты болсын балар

                 Соғысты сүймес адамдар

                 Өркендей берсін қалар

                 Гүлдене берсін далалар.

Аяулым: Тыныштық. Жаса тыныштық!

                Осы сөз бізге тым ыстық

                Көркейе берсін еліміз

                Көбейе берсін ырыс-құт

         9-Мамыр Ұлы күн!

Камал: Сен бұл күнді қадірле, жан немерем,

               Сен ерген соң жарқылдап, алда келем

               Жауыздықты әділет жеңді дағы

               Қанатында бақыттың самғады әлем.

               Сен бұл күнді аяла, өзі айтқандай

               Жүрер олда өмірде аз айтылмай

               Әрбір үйдің әйнегін нұр боп сүйіп

              Жадырайды Ұлы күн жазғы таңдай.

Сабира:  Ұмытпа сен елімізге

                  Бақыт тегін келмеген

                  Ұмытпа сен елімізге

                  Жеңіс оңай келмеген

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Би: «Шашу»

Аяулым, Жансая, Нұрсұлу: «Қазақстан» әні.

          

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.