Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • «Бала — біздің болашағымыз»

  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы

  • 1 наурыз -Алғыс айту күні

  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ

  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

  • Жүн және одан жасалатын заттар

  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»

  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

  • Көңілді математика әлемі

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • циклограмма

  • Геометриялық пішіндер мен денелер.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

  • Қыркүйек айына арналған преспектива 2022-2023жж

Балабақша
Home›Балабақша›«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде насихаттау және жүзеге асыру.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде насихаттау және жүзеге асыру.

By admin
11 мая, 2020
2210
0
Share:

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ  ИДЕЯСЫН  МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ  МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

 

Искакова Акгул Бекеновна

 

МКҚК «Қошақан» балабақшасы

 

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылы

 

Музыка жетекшісі

 

 

Кіріспе

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мәңгілік Ел — ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді… Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ — мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы — Мәңгілік ел», — деді[2].

Француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», — деген екен.

Сондықтан, баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық сынды қасиеттерді саналарына сіңіріп, жаһандану заманында өз елін қорғайтын, үлкенді сыйлайтын «Мәңгілік Ел» ұрпағын тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиелеуші жақтын атқаратын рөлі өте зор.

Мақсаты: «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын мектепке дейіңгі мекемелерде насихаттау, іске асыру. Оқу бағдарламаларын жүзеге асыруда инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану;

Міндеті: Тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру;

Күтілетін нәтиже:Азаматтық,адамгершілік,патриоттық, өзіндік сана сезімінің қалыптасуы;

Еңбек етуге ынталану, өз мақсатына, табысқа жетуге, бәсекеге қабілетті өмір сүре білуге талпынысы;

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын  мектепке дейінгі  тәрбие мекемелерінде насихаттау және жүзеге асыру

«Мәңгілік Ел» идеясында өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса мән берілген. Осы тұғырлы идеяны қалыптастыру үшін ең алдымен ұлағатты тәрбие мен сапалы білімнің қажеттілігі анық көрсетілген. Мектепке дейінгі білім беруде жас ұрпақтың бойына сіңіретін тәрбие ең алдымен ұлттық құндылықтарға негізделе жүргізілгені абзал. Оның ішіне рухани-адамгершілік қасиеттері мен отаншылдық сезімнің ұдайы дамып отыру бағытындағы іс-әрекеттер кіріктірілуі тиіс. «Гүлдене бер, Қазақстан!» мектепалды даярлық топтарының арасында өткізілген мәнерлеп оқудан сайыс [1 сурет]. Балабақша қабырғасынан бастап, отан, ел, жер ұғымының киелілігін білу, ұлттық құндылықтардың оның ішінде салт-дәстүр, менталитет, тарихтың маңызын бойына сіңіріп өсіру ең басты қағидат болуы қажет.  М.Шаханов айтқандай төрт ана үшін күресуге белді бекем буған ұрпақ елі үшін аянбайды. Қазіргі кездегі күрделі мәселенің бірі болып отырған ана тілі де бала үшін асыл қасиет екенін ұқтыру баршамыздың міндетіміз.

Мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілінде еркін сөйлетуге бағытталған танымдық шараларға ойлау, көру көрнекілігін жиі қолданған дұрыс. Әсіресе қазақ тіліндегі басты қасиеттер мен құндылықтарды сәбилердің өздеріне айтқызып, олардың сәби жүрегінен шыққан пікірімен де санасып отыру қажет. Бала тілі бал, түрлі пікірлер айтады, қиялын жеткізеді. Ал тәрбиелеуші оны дамытып, баланы жігерлендіріп, алға жетелеу арқылы талпындыру қажет.  Ана тіліміз баршамыздың рухани тірегіміз екенін сәби көңілдеріне сіңіріп отыру, олардың тіл байлығын дамыту бағытындағы шараларда қателікке бой алдырмау қажет. Мақал-мәтел, өлеңдер, жаңылтпаштар, нақыл сөздерді жаттатып қана қоймай мағынасына терең бойлауға баулу басты міндетіміз. Күнделікті балалармен нақыл сөздерді жаттату міндетті ісіміз болуы қажет.Осы орайда балабақшамызда «Қазақ тілім өз тілім-ана тілім»атты тіл мерекесіне арналған  іс-шара өткізілді [2 сурет]

Сонымен қатар бірлікке тәрбиелеу, бір-бірінің ынтымақтастықта жұмыс істету, берекелі орта қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар Мәңгілік ел идеясындағы басты құндылық екенін ескеріп отыру қажет. «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем-Қазақстан» [3сурет]. Тәрбие мен білімді тәрбиеші ретінде тәжірибемен ұштастырып отыру да өзі нәтижесін береді. Әр мағыналы іске балаларды үнемі қатыстырып, көшбасшылыққа ұмтылудың іргетасын балабақшадан бастау Елбасымыз көрсеткен Мәңгілік ел идеясын жүзеге асырудың басты құралы екенін ұмытпағанымыз абзал. Тарихи оқиғалар, әсіресе отаншылдыққа бағытталған ізгілікті істердің мазмұнын үнемі тәжірибемен ұштастыра отырып бала бойына сіңіру қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе. Осы тақырыпқа байланысты балабақшамызда «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай өткізілген мерекелік іс-шарада балалардың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылып, тәрбиеленушідердің әр нәрсеге қызығушылықпен қарайтыны байқалды.[4-сурет] Осыған байланысты баланы ұлттық қасиеті жоғары, маңызын жоғалтпаған дәстүрдің озық үлгілерімен сусындатып, оның мағынасын ашатын шараларды жиі өткізу қажет.

Мысалы:

  1. Тақырыптық бейнежазбалар, роликтер,слайдтар, суреттер тамашалау;
  2. Аудиожазбаларды тыңдау,еліміздің елтаңбасы мен туын көрсетіп, олар туралы әңгімелеу;
  3. Ауыз әдебиетінің үлгілері- ертегі, мақал-мәтелдер,өлеңдер, ойындармен таныстыру;
  4. Жазушы, композитор,суретшілердің шығармашылығымен таныстыру;
  5. Мерекелер дайындығына және өткізуге қатыстыру;

Сонымен қатар, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мектепке дейіңгі білім беруді жаңғыртуға баса назар аударып: «Мектепке дейіңгі білім беруді жаңғырту одан әрі жалғасуы тиіс» деген болатын [1].

Қорытынды

Қорыта келгенде Елбасымыз айтқандай Мәңгілік Ел болашағы – білімді ұрпақ, саналы жастар. Осы тұрғыда ұстаз қауымының атқарар ісі көп, оны парыз деп білуіміз керек. Алдымызда ұлттық құндылықты бойына сіңірген, отансүйгіш, елі мен жерінің қамы үшін аянбайтын, білімді, иманды, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, оларға бағыт беру міндеті тұрғанын әрдайым жадымыздан шығармауымыз шарт.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.Н.Ә.Назарбаев.  «Қазақстан білім қоғамы жолында»;

  1. Н.Ә.Назарбаев. Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу»

3.Интернет-ресурстар.

Previous Article

«Көңілді пішіндер»

Next Article

Разбор слова по составу. 2 класс

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    Шеберлік сынып «Дос іздеген бота»

    9 августа, 2020
    By admin
  • Балабақша

    «Күн,су,ауа-біздің достарымыз»

    10 августа, 2020
    By admin
  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Буратино бізде қонақта

    13 мая, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама

    3 февраля, 2017
    By admin
  • Балабақша

    «Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы дамыту»

    26 июня, 2020
    By admin
  • Балабақша

    ТРИЗ технологиясы

    21 июня, 2019
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    День Независимости

  • Ашық сабақтар

    «Ертегілер әлемі» ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

  • Балабақша

    Көліктер

 

Жаңа жарияланымдар

  • «Бала — біздің болашағымыз»
  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы
  • 1 наурыз -Алғыс айту күні
  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды
  • Жүн және одан жасалатын заттар
  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»
  • «Менің үйім»
  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат
  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы
  • Көңілді математика әлемі
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • Республика күніне арналған ашық сабақ

Күнтізбе

Март 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
« Фев    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика