Баланың ақыл-ой дамуын анықтау диагностикасы.

Алматы қаласы
Алатау ауданы
№ 177 бөбекжай балабақшасы
Педагог психолог: Налибаева Илмира Таңатқызы

Баланың ақыл- ой дамуын анықтау диагностикасы.
6 жастағы балалардың гармониялық дамуы іс-әрекеттің жоғарғы жетістігін қамтамассыз ететін және адамның белгілі бір іс-әрекетке бағытталған айқындайтын қабілетіне дамуына байланысты.Сондықтан да жас кезінен бастап ерте осы қабілеттерді анықтау мақсаты әрекет болып табылады.
Көптеген қабілеттер 6 жастан көрініс береді.Олардың қатарына өзіне сенсорлық (заттарды және олардың сыртқы құрлымын қабылдау) және интелектуальды даму қабілеттерді қосып алатын танымдық қабілеттерді айтуымызға болады.Ол қабілеттерің нақтылығы, заттардың бір- бірінен ерекшелігінде,сөзде логика- граматикалық құрастыруды қолдануда көрінеді.
6 жаста арнайы қабілеттер дамиды.Сол себепті балалардың қай іс-әрекетке және қай білім төңірегінде аса қабілеттілдігі бар екендігін анықтауға қажетті әдістемелерді,ойындарды, іс-әрекеттерді қолдана отырып, диагностиканы мектеп жасына дейінгі кезеңде бастау қажет.Сонымен бірге жалпы білім беру мектептерінде оқу аралығында бейімділігі мен ақыл- ой қабілетінің дамуына қажетті аса тиімді деген әдістерді табуымыз қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістіктік визуализация қабілетін (суреттің манипулация )басым, сондықтан даму диагнозы деңгейде ойлау міндеті болуы тиіс. Ұсынылған тапсырмалар,жаттығулар дамушы ретінде,сондайақ пайдалануға болады.
Әдістеме №1. « 5-6 жастағы баланың белгілгі бір ойлау операңияларын меңгеру деңгейін анықтау»
Әдістеме презентациясы. А.И Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогика университетінің авторлар ұжымы психология докторы,профессор А.Степановтың редакциялығымен «Психологическая работа в начальный школе» деген еңбектерінде бұл әдістеме ұсынылған болатын.

Зерттелінетін қабілеттер: «Математикалық бейімделіктер»

№1.1 Математикаға бейімділігін анықтау санды меңгеру
№1.2 Санау дағдысы
№ 1.3Қатынас ұғымының меңгерілуі
№1.4 Математикалық заңдылықтарды ұғыну.

№1.1 Санды меңгеру. Бұтақта қанша гүл болса,сонша нүктесі бар квадратты көрсет

№2.2 Санау дағдысы: Салынған қуыршақтың қанша екендігін бейнелейтін санды көрсет.

№ 1.3 Қатынас ұғымының меңгерілуі: «Бірдей екі затты боя»

Бұл тапсырмалар баланың шаманы салыстыруда есептеудің қажетілігін түсінеді ме?, есептеуге қажетті көмекші бегілерді қолдана алады ма?,әлде санды символогиялық қалыпта меңгере алады ма?,соны анықтауға қолданады.

Түсініктеме: Тапсырманың орындалу көрсеткіші негізінде келесі деңгейлерді анықтауға болады:
-Санды және оның белгілеуін біледі,санай алады: -Санды біледі,белгілеуін білмейді,ұқсас суреттер негізінде салыстырады
(«3»тапсырманы көріп,қабылдау негізінде орындалған)

№1.4 Математикалық заңдылықтарды ұғыну.Мұнда баланың «үлкен», «кіші», «бірдей»-деген қатынастардың айырмашылығын анықтауға болады.

Түсініктеме: Тапсырманың орындалуының сапалық критериі: негізінде тапсырманы қатесіз орындайды, әрекетті ой тұрғыда жоспарлайды.
Шын мәнінде жұмысты орындауға шамасы бар,бір қатар қателіктерді жібереді,өзінің әрекетін жоспарлай алады,бірақ барлық тапсырмаларды емес: ұсынылған тапсырманы орындай алмады,сызықтарды меңгере алмады.
Нәтижені бағалау: Әр бір дұрыс жауабы үшін : 5 бал
Егер тапсырма орындауда қиындық тугызған жағдайда : 3 бал
Егер тапсырманы орындай алмаса: 0 бал
Даму деңгейі туралы қорытындылар: 15- 20 бал – жоғарғы деңгей
10 — 15 бал — орташа жоғарғы деңгей
5 — 10 бал- орташа деңгей
1 — 5 бал — төменгі деңгей

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.