Ағылшын тілін оқытуда бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

                     Оңтүстік Түркістан облысы

Сарыағаш қаласы

 «№5С.Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағылшын тілі пәні мұғалімі  Эльмира Таубаева

 

Ағылшын тілін оқытуда

бастауыш сынып оқушыларының

сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

 

Қазіргі қазақстандық қоғам көпұлттық,көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп,қазақ,орыс және ағылшын тілдерін еркін білуі тиіс екендігін айтты.Сондықтан ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттық бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды.

Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп,орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет.Ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгеретінін тілге тиек еткен. Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы –дұрыс талап.Бүлдіршін жаста меңгерген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал, осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп,жанға ұялататын,әрине ,мұғалім.

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді,жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда.

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту,білім,білік-дағдыларын қалыптастыру,сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей әдістерді жатқызуға болады.

 

 

 

1.Ауызша әдіс

Теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда,үй тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда,ережелерді қайталауда пайдаланылады
 

2.Көрнекі әдіс

Бақылау қабілетін дамыту,оқылатын мәселеге ықыласын көтеру және оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.
 

3.Практикалық әдіс

Практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және тақырып мазмұнына сәйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалдарды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады.
 

4.Іздену әдіс

Өзінше ойлануды және зерттеу қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданылады
 

5.Индуктивтік әдіс

Қорытынды жасау қабілетін дамыту,күрделендіре оқыту үшін, ойлау қабілетін қалыптастыру үшін пайдаланылады
 

6.Өзіндік жұмыс әдіс

Оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту және оқу еңбегінде дағдыны қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды өз бетінше дайындауға,дидактикалық материалдармен тиімді жұмыс жасай білуге баулу үшін қолданылады.
 

7.Ойын әдісі

Оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып,белсенділіктерін арттыра түседі,сонымен қатар оқушылардың сөйлеу –білік дағдыларын қалыптастырады.

Аталған әдістерді пайдалана отырып,түрлі тапсырмалар мен жаттығулары,теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгеру тиімді болып табылады.

Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында мынадай іс-әрекет ұйымдастыруға болады.Мысалы: белгілі бір мәтін бойынша жұмыс істеу үшін

Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету.Диалогты сөйлеуде -оқушылар сұрақ-жауап, өтініш айту,нұсқау беру сияқты қарапайым іс-әрекеттерді жасай алуы тиіс.Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет.

Шағын шығарма жазу (эссе) оқушылардың тек жазу,тілді

түсіну,сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады. Мұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін.Шығарма (Эссе)тыңдау барысында диалогтағыдай баланың жіберген қателерінен бұрын,оның идеясына,өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне көбірек назар аударған жөн.

Тақырыптар түрі сан алуан:

«Бүгінгі күннің ең қызықты сәті»

«Қазір мен не ойлап отырмын»

«Менің хоббиім»

«Менің отбасым»

«Менің досым»

«Мен ұнататын нәрсе»

«Мен ұнататын аң»

Қорыта келе бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пайдалана отырып жаттығулар орындаудың маңызы зор екендігін байқауға болады.Демек олардың іскерлік сөйлеу дағдыларын белсенді ұйымдастыра отырып,тиянақты білім беру-мұғалімнің ой ұшқырлығына,коммуникатифті құзыреттілігіне байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.