Адами қарым – қатынастар әлемі

Пән: Өзiн-өзi тану

Мектеп: № 43 ЖОББМ

Мұғалімі: Газизова Т.А.

Сыныбы: 5

Тақырыбы: Адами қарым –қатынастар әлемі,  21 – сабақ

Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: мейірімділік, кешірімділік, сыйластық.

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға адами қарым –қатынастардың маңыздылығын айта отырып, «сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

 

Білімділік: Адами қарым – қатынас жасау ізгіліктерін түсіндіре отырып оқушылардың бойында мейірімділік қасиетін қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушыларды кешірімділікке баулу арқылы адами қарым – қатынас жасаудың ізгіліктерін дамыту;

Тәрбиелік:  Оқушы бойында сыйластық қасиетін арттыра отырып, адами қарым – қатынас жасауға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, дәптер, үнтаспа,  түрлі – түсті бояулар, плакаттар

1.https://kk.wikipedia.org

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т»-ны қайталап (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық), оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, бейджик) тексеріп, көңіл күйлерін сұрау.

 

               Тыныштық сәті. «Тыныс алу»

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…,арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады… Д е м   а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2

 (Оқушыларды тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісуге шақыру)

-Қандай күйде болдыңыздар?

-Тыныштық сәті қалай әсер етті?

-Тынышытық сәтінен қандай әсер алдыңыз?

 

Үй тапсырмасын тексеру

№ 21 – сабақ, 89 – беттегі Әдібай Табылды «Сәлем»  әңгімесін оқып, мәнісін түсіну, талдау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.      Әкесінің баласына ескеру жасауының себебі неде?

2.      Сәлемдесу кезінде адам бойында қандай қасиеттер көрініс табады?

3.      «Сәлем сөзің анасы» дегенді қалай түсінесіңдер?

4.      Өзің адамдармен қалай сәлемдесіп жүрсің?

 

 

  1. Сабақтың дәйексөзі.

«Қарым қатынастың ең ізгісі сыйластық»

                                                                       Халық нақылы.

 Талқылауға арналған сұрақтар:

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Cыйластық адам бойынан қандай қасиеттері арқылы көрінеді деп ойлайсың?

Сабақ барысын талқылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық.

3.      Әңгiмелеу(Мұғалім сыйы).

«Екі дос»

 Екі дос  Асан мен Айдар шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Асан ашуға қатты булығып, Айдарды қойып қалады. Асанның ұрғаны жанына қатты батса да Айдар ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: «Бүгін мені жан досым ұрды!»
Екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерден ішерміз деп келісіп алады. Бір кезде Айдар батпаққа аяғын батырып алып шыға алмай қиналады. Тіпті тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, Асан кұтқарып қалады. Айдар батпақтан кұтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: «Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды», – деп жазады.
Оның бұл жазуына таңырқаған Асан:
– Ұрған кезімде құмға жаздың, ал енді не үшін тасқа жазып жатырсың? – деп сұрайды.
Сонда Айдар досы:

– Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс, кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын!..

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Досының ұрғаны қатты батқан бала, не себепті қарсыласқан жоқ.

2.Достың бойында қандай қасиет көрініп тұр?

3. Екі достың тартысып қалғаны дұрыс па?

(«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары)
4.Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді(мейірімділік, сыйластық, кешірімділік).

Тапсырма:

1-топ.Кешірімділік: Жақсы қарым қатынастың ережесін жасау.

2-топ.Сыйластық: «Сыйластық, мейірімділік, кешірімділік» қасиеттерін қатыстырып 4 жолды өлең шумақтарын дайындау.

_________________ керек адамға,

_________________ өмір сүруге.

_________________ керек адамға,

Кешірімді ___________________.

3-топ.Мейірімділік: Оқушыларға суреттер беріледі. Суретке қарай отырып әңгіме құрастырулары қажет.

 

Жеке жұмыс.
5.      Топпен ән айту

 «Бала тілегі»

Сөзі: Сержан Молдасанұлы

Әні: Фарида Жолдасова

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жарлған

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер, 2рет

Гүлденсін деп атмекен-қара орман.

 

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

 

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мүңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін, 2рет

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.

        6. Үйге тапсырмасы.

№ 22 – сабақ, 93 – беттегі М.Дүйсенов «Алмаш»  әңгімесін оқып, мәнісін түсіну, талдау.

        7. Сабақтың қорытынды сәті.

«Қорытынды тыныштық сәті»

(Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.)

— Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. әдептілік, жауапкершілік, татулық қасиеттерін бойымызға сіңіріп, айналамызға жәймен таратайық. Көзімізді ашамыз.

-Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет, сау болыңыздар!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп: № 43 ЖОББМ    Мерзiм: қаңтар

Тақырып: Адами қарым –қатынастар әлемі,  № 21 – сабақ

Құндылық: cүйіспеншілік

Қасиеттер: татулық, әдептілік, кішіпейілдік.

Мұғалiм: Т.А. Газизова Сынып: 5 «А», «Б»

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға адами қарым –қатынастардың маңыздылығын айта отырып, «сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Оқушылардың бойында әдептілік қасиетін қалыптастыру;

2. Оқушыларды татулыққа баулу арқылы сабырлық  қасиетіне үйрету;

3.Оқушы бойында кешірімділік қасиеттерін арттыра отырып, ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, дәптер, үнтаспа,  түрлі – түсті бояулар, плакаттар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін  «5-Т»-ны қайталап, оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, бейджик) тексеріп, көңіл – күйлерін сұрау.

Тәртіп
Талап
Тазалық
Тыныштық
Татулық

 

Тыныштық сәті.  «Тыныс алу»

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…,арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады… Д е м   а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2

(Оқушыларды тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісуге шақыру)

-Қандай күйде болдыңыздар?

-Тыныштық сәті қалай әсер етті?

-Тынышытық сәтінен қандай әсер алдыңыз?

 

2.Үй тапсырмасын тексеру

7. Үйге тапсырма

№ 22 – сабақ, 93 – беттегі М.Дүйсенов «Алмаш»  әңгімесін оқып, мәнісін түсіну, талдау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

a.       Алмаштың алғашқы іс әрекетін қалай бағалауға болады?

b.      Алмаштың кейіннен сүйкімді болып көрінуінің себебі неде ?

c.       Алмаш өз бойында қандай қасиеттерді дамытты?

d.      «Өз мінезіңді жақсарту» дегенді қалай түсінесің?

3.Дәйексөзбен жұмыс

«Сыпайылық, сабырлық асыл адам белгісі.»

                                                                       Халық нақылы.

 Талқылауға арналған сұрақтар:

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талқылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық.

     4.    Әңгiмелеу(мұғалім сыйы).

Адамды сүю – адамгершіліктің түп қазығы.

Жағдаятты талдап, өз көзқарасыңыз айтыңыз.

Бұл Сиэтлдегі олимпиада ойындары кезінде болған еді. Мүмкіндігі шектеулі тоғыз атлет жүз метрлік қашықтыққа жүгіруге алаңға шықты. Олардың толқулары көрініп тұрды. Олардың әрқайсысының жүздерінен жеңіске жеткісі келетіндіктері байқалатын еді. Белгі берілген сәттегі толқуларын жеңу оларға оңайға түскен жоқ. Көбінде ебедейсіз қимыл қиындық туғызса да, олар алға қарай ұмтылды. Ортада келе жатқан жас атлет кенеттен жолдың шетіне сүрініп құлап, тұра алмай қалды да, мәреге жете алмағанына ызаланып, жылап жіберді.

Стадионның үлкен мониторы құлаған спортшыны анық көрсетті.

Өзге спортшылар ұзағырақ қашықтыққа кетіп қалған еді, экраннан көріністі байқап, тоқтады да, кейін қарай жүгірді. Даун синдромы бар қыз атлеттің жанына отырып, бетінен сүйді де «Тәуірсің бе?» деп сұрады. Келіп жеткен спортшылар баланың тұруына көмектесіп, бәрі құшақтасып финишке қарай қозғалды.

Стадиондағы көрермендер бәрі орындарынан тұрып, қол соқты. Стадион экранынан кез келген қиындықты жеңе алатын осы адамдардың бақытты жүздері барлығына анық көрініп тұрды. Бұл ерекше жандар ұлы даналықты таныған еді. Өмірде ең маңыздысы — өзіңнің жеңісің емес, өзіңнің қозғалыс бағытыңды өзгертіп, тоқтасаң да — өзгенің жеңуі үшін көмектесе алу екендігі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Неліктен көрермендер спортшылардың әрекеттеріне қол соқты?

(«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары)
5.Шығармашылық іс-әрекет

95-беттегі өлеңді жалғастырып жазу..

Атам менің әмәнда,

Кішіпейіл бол деген.

……………………………..

……………………………..

Топпен ән айту. «Бала тілегі»

Сөзі: Сержан Молдасанұлы

Әні: Фарида Жолдасова

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жарлған

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер, 2рет

Гүлденсін деп атмекен-қара орман.

 

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

 

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мүңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін, 2рет

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.

   7.       Үйге тапсырма

№ 23 – сабақ, 98 – беттегі С.Үсенұлы «Артылған ағаш»  әңгімесін оқып, мәнісін түсіну, талдау.

    (Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.)

— Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. әдептілік, жауапкершілік, татулық қасиеттерін бойымызға сіңіріп, айналамызға жәймен таратайық. Көзімізді ашамыз.

-Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет, сау болыңыздар!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.