Жас өрт сөндірушілер баяндама

Тақырыбы: «Жас өрт сөндірушілер»
Мақсаты: Төтенше қауіпті жағдайлардың алдын алу, болдырмау. Қауіпсіздік шараларын балаларға үйрету. Өртке байланысты қауіпті заттармен ойнамауға болмайтынын үйрету. Өрт сөндіру құралдарымен таныстыру, адамгершілікке баулу.
Әдісі: көрсету, түсіндіру, үйрету
Қолданылатын құралдар: өрт сөндіру құралдары, мысалы: топырақ, су, көбік шашқыш, күрек, айыр, шелек т.б.
Тәрбиеші:
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! Ата — аналар, әріптестер, кішкентай бүлдіршіндер! Біздің бүгінгі «Жас өрт сөндірушілер» эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер!
Бұл жарысымызға әділ баға беретін әділқазылармен таныстырып өтейін.
Ата — аналарымыз: Ажар апай мен Нұргүл апай және балабақша психологі Зина апай.
Барысы:
Тәрбиеші: Ендеше бүгінгі біздің эстафеталық жарысымызды бастау үшін, ортаға сайысқа түсетін екі топты шақырамыз
І топ: «Жалын» тобы
Топ басшысы: Іният Жасұлан қарсы алыңыздар!
ІІ топ: «Алау» тобы
Топ басшысы: амангелді Қуаныш, қошемет көрсетейік.Қош келдіңіздер «Жалын» және «алау» тобы мен топ басшылары.
Сіздерге сәттілік тілеймін «Алға!»
Эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын, мен сіздерге өрт сөндіру құралдарымен таныстырып өтейін. Өрт сөндіру құралдарымен көрсетіп қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп, таныстыру.
Тәрбиеші:Ендеше бүгінгі жарысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар
1. Топтың ұраны
2. Екі топтың бір — бірімен сәлемдесуі
3. Эстафеталық жарыс 4 бөлімнен тұрады
І «Жалын» тобы
А) Ұраны, сәлемдесуі
Топ басшысы: «Жалын» тобының ұраны: «Мәңгі лаулап жанамыз»
«Жалын» тобынан «Алау» тобына жалынды сәлем!
ІІ «Алау» тобы
А) А) Ұраны, сәлемдесуі
Топ басшысы: «Алау» тобының ұраны: «Алаулықтар әрқашан алда»
«Алау» тобынан «Жалын» тобына жалынды сәлем!
Тәрбиеші: Эстафеталық бөлімдердің шарттарымен таныстьыру:
1. Өрт шалған үйді: 2 шелекке құм салып, кедергілермен секіріп, аттап шелектегі құмды үйге шашу. Келесі ойыншыға шелекті табыстау
2. Өрт шалған үйді: 2 шелекке құм салып, кедергілердің арасымен өтіп, 2 — ші кедергіден секіріп, 3 — ші кедергіден аттап үйге шашу
3. Екі ойыншымыз насылка көтеріп осы кедергілерден өтіп, өрт шалған үйде қалып қойған сүйікті ойыншықтарымызды алып шығу. Құтқару жұмысы
4. Топ басшылары: көбік шашқышты осы кедергілерден өтіп бірінші алу
Әділ — қазылар өз әділ бағаларын есептегенше, Қаражан Шапағаттың орындауында әсем ән тыңдайық.
Тәрбиеші: сөз кезегін қазылар алқасы Ажар апайға береміз. Өзіңіздің жылы лебізіңізді бүгінгі сайысқа қатысқан сайыскерлерімізге білдірсеңіз.
Әділқазылар: Алғыс хат пен сыйлықтарын топ басшыларына табыстау.
Бүгінгі біздің «Жас өрт сөндірушілер» эстафеталық жарысымыз өз мәресіне жетті. Алтындай уақыттарыңызды бөліп, жарысымызға келгендеріңіз үшін, жас сайыскерлер атынан алғысымызды білдіреміз.
Бүгінгі эстафеталық жарысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін балабақша психологі Зина апайға береміз.
Сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз төтенше жағдайларда не істеуіміз керек, қалай сақтануымыз керек екенін біліп,ережелерімен танысамыз, әңгімелейміз.
Тәрбиеші: Алло, өрт сөндіру қызметі тыңдап тұр!Бала: (Айым) Алло, сәлеметсізбе,мен дүкеннен келгенде үйде екі қоян балам шырпымен ойнап , үйім өртеніп жатыр.Тәрбиеші: Фомилияңызды, мекен жайыңызды айтыңыз.Бала: (Айым) Бақыт Айым. Уалиханова 14-ші үй, 5 пәтер.Тәрбиеші: Жарайды.Бала: (Айым) Саламатсыздарма балалар?
Тәрбиеші: Саламатсызба! Жағдайларың қалай? Қане біздің балалармен бірге қауіпсіздік ережелерін тыңдап отырыңдар.
Тәрбиеші: Балалар өрт басталған кезде тығылуға болмайды. Біріншіден 101 нөміріне хабарлап, қоңырау шалып,өз фамилиямызды атап, мекен жайымызды айтып өрт сөндірушілерді шақырамыз. Екіншіден үйден немесе өрт болып жатқан жерден тез шығып, есікті жауып кетуіміз керек. Көршілерге айтып,көмек сұрау керек.Үшіншіден жанып жатқан жерде біреу қалып қойса міндетті түрде өрт сөндірушілерге хабар беру керек.Төртіншіден үйдің ішінде қатты өрт болса, түтін болса онда сулы шүберекті мұрынға басып,сулы шүберекті үстіге жауып есікке қарай еңбектеу керек. Ал есіктің қасында өрт болып жатса. Онда түтіні жоқ бөлмеге барып, таза ауамен демалу керек немесе балконға шығып таза ауамен демалып көмекке шақыруымыз керек.1.Үйден шыққанда шамдарды, электр заттарын сөндірп шығу. (үтікті, теледидарды, ғаламторды, компютерді)Тәрбиеші: Енді біздің балалар төтенше жағдай орын алған кезде қандай номерлерге хабарласу керек екені туралы тақпақтар айтып береді.Айым: Не күтерін білмейміз біздің алдан? Кім құтқарар біздерді «тілсіз жаудан»? «101»-ге қоңырау соғып көмек сұра, Өрт сөндіруші, жүректі, батыл жаннан. Айару: «Тілсіз жауды» әп-сәтте ауыздықтап, Ертедегі батырына, қалады ұқсап. «101»-дің қызметшілері жүреді ылғи Азаматтық парызын биік ұстап! Фариза: Қай көше , қай қалаға барсаңыз да Тамерлан: Бақылап жол тәртібін, Өткізетін әр күнін. Реттеушіні көрдім мен. Қиылыстан дәл бүгін. Ала таяқ қолында, Айтары көп оныңда. Не істеу керек, тұрса, Реттеуші жолыңда.Аллан: Үйде жалғыз қалғанмын, Есікті біреу ашпақшы, «102» -ні тердім мен. Шақырдым кеп сақшыны. Бес минутта өтпеді. Ұрыны ұстап үлгерді. Дінислам: Сырқаттанса анаң егерде,Ақерке: Үйді түтін шалса бірақта,

Мирас: Өртке өзіңнің шамаң жетпес, Ол әрине балаға арналған іс емес. Уақыт алмай тез арада, «101»-ге хабарлас. Жылдамырақ терсең егерде, Өртенбейді барлық зат, «101» өрт сөндіру қызметі, Ұмытпас мұны адамзат.
Тәрбиеші: Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Жердiң әрiн жейдi, Жолда кезiккеннiң, Аямай бәрiн жейдi. Бұл қандай алпауыт? Айта ғой, дәл тауып? (Өрт) Қимылы оңдырмас, Кiшкене қоңырбас. (Сiрiңке) Үй үстiнен Көкке өрлеп шығады, Әуе iшiнен, Iз-тұз жоқ боп тынады. (Түтiн) Түсi нарттай

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.