Көліктер

Ырғыз ауданы,»НҰР»балабақшасының
тәрбиешісі Ескалиева Динара Кабдрахимовна

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Көліктер
Мақсаты: 1.Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.
2.Барлық көлік түрлерінің маңызы туралы ұғым қалыптастыру.
3.Әр көліктің пайдасын айта отырып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің типі: Жаңа сабақ, түсіндіру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Сөйлеуді дамыту, құрастыру
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,көрсету,тыңдау, ойындар, қызығушылығын ояту, мағынаны тану.
Көрнекіліктер: слайдтар, көлік суреттері, үлестірмелі материалдар
Әрекеттердің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеттері Балалардың іс-әрекеттері
Ұйымдасты-рушылық қозғаушылық І. Шаттық шеңбері Балаларға жақсы көніл-күймен, ыстық тілектер айтқызу. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз!-деп бастарын иеді.
Ұйымдастыру-шылық-ізденістік ІІ. Қызығушылықты ояту Үлкенмін ғой,міне, мен, Ойыншықтарды жинаймын. Машинаға мінер ем , Кабинаға сыймаймын. –Балалар, мен не туралы өлең оқыдым?
ІІІ. Мағынаны ашу. -Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Әңгіме жүргізу. –Балалар, осы көлік түрлері әуеде, суда, жер бетінде жүретін болып 3-ке бөлінеді. Әуе көліктеріне ұшақ, тікұшақ, зымыран ; су көліктеріне қайық, кеме; ал, жер көліктеріне машина, автобус, трамвай, пойыз, т.б жатады. Бұл көліктердің барлығын арнайы мамандар жүргізеді. Балаларды 2 топқа бөлу (ұшақ, машина )
ІҮ. Салыстыру. Жеңіл және жүк машинасы

-Балалар, қайсысы жүк машинасы? -Екеуінің қандай айырмашылығы бар? -Дұрыс айтасыңдар балалар, жеңіл машинамен жолаушылар тасымалданады. Оның жолаушыларға арналған салоны бар. Ал, жүк машинасының жүргізуші отыратын кабинасы мен қорабы бар. Жүк машинасының дөңгелектері үлкен және көп. Ол жүк тасиды. Мысалы: құм, ағаш, тас. Тб. тасымалдайды. Екі машинаны да жүргізетін адамды –жүргізуші деп атайды. Жеңіл және жүк машинасы да құрлық көліктері Ү. Сергіту сәті Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. (қолдарын жайып, қанатша ұшады).
Су және әуе көліктері туралы әңгіме жүргізу.

–Балалар, біз саяхатқа шықтық дейік. Алдымыздан өзен шықты. Арғы бетке шығу үшін біз қандай көлікпен шығамыз? -Егер алдымыздан биік-биік таулар кездессе, қайтер едік? -Балалар, бұл екеуі де әуе көліктері. 6. Суретпен жұмыс. Сәйкес келмей тұрған суретті тап.

7. Әр топқа берілген суреттерді құрастыру. (Әр топка сурет пазл түрінде беріледі, соны балалар бірінші болып құрау керек).

8. Д идактикалық ойын: «Дұрыстап орналастыр»

Балалар тыңдай отырып, көлік туралы екенін айтады.

Суретке қарап балалар жауап беруге тырысады.

Балалар өз білімдеріне сүйеніп, екі машинаның айырмашылықтарын айтады.

Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге орындайды.

-Біз арғы бетке шығу үшін қайықпен шығамыз.

-Онда біз тікұшаққа отырып ұшамыз.

Берілген сурет арқылы әр топ суретте сәйкес келмей тұрған суретті атайды.

Балалар берілген пазлды құрап қандай сурет шыққанын, ол қандай көлік түріне жататынын атап айтады.

Балалар суретт реттімен орналастырады.
Рефлекциялық түзетушілік 8.Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін пысықтау.
«Сәйкесін тап» ойыны
Балалар жауап беруге тырысады.
Күтілетін нәтиже:
Көліктің түрлерін ажырата біледі;
Көліктің пайдасы туралы мәліметтерді игереді;
Сұраққа толық жауап беру іскерліктерін меңгерді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.