Симфониялық музыка

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар: 6.1 Классикалық музыканың үздік туындылары Мектеп: «Тоқсансай» жалпы орта мектебі
Мерзімі: 25.09.19ж. Мұғалім: Назаркулов И
Сынып: 6
Қатысушылар саны: 24
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Симфониялық музыка
Сабақта іске асырылатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.1.1.2 – оркестрлер түрлеріндегі музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажытару, оларды топтар бойынша жіктеу;
6.1.2.1 – классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау

Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
— Симфония және симфониялық музыка түсінігімен танысу;
— Музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажырату және оларды топтар бойынша жіктеу;
— Классикалық музыканы тындай отырып, музыкалық аспаптарды дыбыс буындары арқылы орындау.
Бағалау
критерийлері Оқушылар:
— Симфония және симфониялық музыка түсінігімен танысып, симфониялық оркестрді талдай алады;
— Музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажыратып және оларды топтар бойынша жіктей алады;
— Классикалық музыканы тындай отырып, музыкалық аспаптарды дыбыс буындары арқылы орындай алады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
Тыңдалған музыкалық шығарманы талдайды, сонымен қатар өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтай отыра, музыкалық терминологияны қолданады.
Лексика и терминология:
Симфония, симфониялық оркестр, симфониялық музыка
Диалог пен жазбаға арналған арнайы сөздер:
Бұл әуеннің көңіл-күйі …
Оркестрге арналған шығарманы орындау барысында … қиындықтарға тап болдық.
Тыңдалған шығарманы сынып алдында … көрсете білдік.
Құндылық
Берілген сабақ жоспары оқушылардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу, бірлесе жұмыс жасау.
Бастапқы білімдер Өткен сабақта алған білімдері
Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақ басы
0-3
3-8

8-10 1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды ұрмалы, үрмелі, ішекті, жез үрмелі музыкалық аспаптар топтамасы арқылы топтарға бөлу.
Сабақ тақырыбына шығу үшін ребусты шешу ұсынылады.
Сабақ мақсаты мен сабақ барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтау
Сабақ ортасы

10-13
2.Сабақ барысы
Симфония (гр.Συμφωνία – үндестік) – симфоникалық оркестрде орындауға арналған күрделі циклді музыкалық шығарма.
Симфониялық оркестр — ішекті ысқылы, үрмелі және соқпалы музыка аспаптары тобынан құралған оркестр. Алғаш рет симфониялық оркестрдің осылай құрылу тәртібі 18 ғасырда Еуропада бой көрсетті. Симфониялық оркестрдің құрамын дыбыс бояуы әр алуан жиырмадан астам музыка аспаптары (гобой, флейта, кларнет, фагот, валторна, литавра, тромбон, барабан, т.б.) құрайды.
Сондай-ақ Симфониялық оркестр құрамына арфа, ксилофон мен фортепьяно да қосылады. Композитор осы аспаптардың дауыс-үнін еркін, кеңінен пайдалана отырып, симфониялық оркестр құрамының орындауына лайықты музыкалық шығармасын жазады. Симфониялық оркестрлердің дамуына Ғ.Жұбанова, Н.Тілендиев, Б.Жұманиязов, т.б. композиторлар елеулі еңбек сіңірді. Қазақстанда1958 жылы ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік симфониялық оркестр жұмыс істейді.

13-15

15-18

18-25

25-33

33-35 Тапсырма 1. Тыңдалым
Оқытушы оқушыларға симфониялық оркестрдегі музыкалық аспаптардың дыбысталуын тыңдатады.
1.барабан;
2.скрипка;
3.флейта;
4.труба;
5.симфониялық музыканы сыныпта тыңдау.
Тапсырма 2. Сәйкестендіру
Тыңдалған музыкалық аспаптарының дыбысталуын сипаттамаға сүйене отырып, топтар бойынша жіктелуін анықтаңыз.

Аспап Сипаттама Топтама
барабан симфониялық оркестрде, джаз, әскери үрлемелі оркестрде де қолданылады үрмелі
скрипка ертеде дабылшы ретінде аңшылықта, жаугершілікте, салтанатты жиын-тойларда пайдаланған музыкалық аспап ұрмалы
флейта цилиндр немесе түбі бар көп қырлы дене тәріздес тетік ішекті
труба 4 ішекті квинталық бұрауға келтіріледі жез үрмелі
Тапсырма 3. Шығармашылық жұмыс
Оқушылар сабақ алдында бөлінген топтар бойынша оркестр құрастырады. Әр топтан бір дирижершы тағайындалады. Дирижерларға 4 түрлі музыкалық шығарма ұсынылады:
1. «Лунная соната» Бетховен
2. «Кармен сюита №2» Бизе
3. «Венгерскийтанец №5» Брамс
4. «Щелкунчик» (Марш) Чайковский
Шығармаларды топтарда тыңдату. Тыңдалған әуенді әр топ өз дыбыс буынын таңдап, орындауға дайындалады.
Әр топ мүшесі музыкалық аспаптар топтамасы бойынша өз дауыстарымен музыкалық аспаптың дыбысталуын жеткізеді.Нәтижесінде 4 түрлі музыка шығады.
Бағалау критерийлері:
— Оқушылар оркестрді құрастыра алады;
— Музыкалық шығарманы және дыбыс буынын таңдай алады;
— Музыкалық шығарманың нақты әуенін сынып алдында дұрыс орындай алады;
— Өз дауыстарымен музыкалық аспаптың дыбысталуын жеткізе алады.
Дескриптор:
— Оқушылар оркестрді құрастырды;
— Музыкалық шығарманы және дыбыс буынын таңдады;
— Музыкалық шығарманың нақты әуенін сынып алдында дұрыс орындады;
— Өз дауыстарымен музыкалық аспаптың дыбысталуын жеткізді.
Тапсырма 4. Таныстырылым
Шығармашылық жұмыс дайын болғаннан кейін, әр топтың дирижерлары ортаға шығып, таңдалған музыкалық шығарма арқылы оркестрді басқарады.
3. Бағалау.
Оқушылар концерттік бағдарлама әдісі арқылы бағаланады. Аудио колонка,
YAMAHA-510 синтезаторы.
Домбыра,
Баян,
Сыбызғы.

YAMAHA-510 синтезаторында
Барабан,
Скрипка,
Флейта,
Труба.
аспаптарының
дауысын
тыңдату.

Аудио колонка
МП3-тен берілген
Шығармаларды
Тыңдату.
Дирижерлер
қимылдарын
бақылау.

4. Рефлексия
Мұғалім оқушылармен сабақ барысында орындалған іс-әрекеттерді талқылайды. Қиындық туғызған тапсырмаларға көңіл бөледі. Кестені толтыру.
Білдім Толықтырғым келеді Біле алмадым

Дифференциация – мұғалім практикалық жұмыс барысында оқушылардың жұмыстарын бақылап, керек кезде қайта түсіндіріп, көрсетеді, көмектеседі. Аса қабілетті оқушыларға қиындау тапсырманы орындау ұсынылады, мысалға, бірнеше символдарды қолдану. Бағалау – практикалық жұмыс басында оқушылар топ ішінде кестеде бағалау критерийлерін толықтырады. Техникалық қауіпсіздік сақтау.
Қауіпсіздікті сақтау сабақ жүргізу.

Оқушылар шығармашылық жұмысты орындау барысында музыкалық қабілеті дамыған оқушы өзге оқушыларға өзінің көмегін тигізе алады. Қалыптастырушы бағалау
6.1.1.2 – оркестрлер түрлеріндегі музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажытару, оларды топтар бойынша жіктеу;
Топтық жұмысты орындау барысында ақпарат ізденуде, таныстырылым кезеңінде оқушылар бір-біріне деген құрметтілігін көрсете отырып, сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Сабақтың соңы
35-40 3 тапсырмаӘнді орындау.
Алдыңғы сабақта үйренген қазақтың халық әні «Ақ дариға». Орындау.
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы
Бағдарламаны жетік меңгерген оқушылар сыныптасына көмектесе алады, өз жобасын аяқтау кезеңдерін орындайды. Жұптық бағалау;
Өзін-өзі бағалау;
Терминология білімін бағалау.
Қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.