Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • ҮСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ-ҰСТАНЫМЫ ЖАҚСЫ

  • Таным саласы “Геометриялық пішіндер”

  • Мектеп жасына дейінгі солақай балалармен жұмыс жүргізудің ғылыми теориялық негіздері

  • «Мен жақсы ата-анамын!»

  • «Мен жақсы ата-анамын!»

  • « Мектеп жасына дейінгі балалардың жұптық жұмыс арқылы танымдық қабілетін дамыту»

  • Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу

  • Абай-ұлы ақын.

  • Нөсерлеу сөз табы

  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)

  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді

  • «Құстарға қыста қамқор бол»

  • Бала өміріндегі ең басты әрекет

  • «Жарқын елдің шамшырағы”

  • Дала жануары

  • Сөйлеуді дамыту “Ойыншықтар”

  • Бала тәрбиесі-үлкен бір ғылым

  • № 412 бұйрық. 24 қыркүйек

  • Үлгілік оқу жоспары. Жаңа

  • Әдістемелік нұсқау хат. Мектепке дейінгі ұйымдар

Психология
Home›Психология›Мұғалім-логопед жұмысындағы инновациялық технологиялар мен әдістер.

Мұғалім-логопед жұмысындағы инновациялық технологиялар мен әдістер.

By admin
8 сентября, 2020
583
0
Share:

Балалардың тілін дамытуда ауызша сөйлетуге үйрете отырып, білгенін күнделікті өмірде қолдануына, тілдік қарым-қатынастағы жаттықтыру ісіне ерекше мән берген маңызды. Педагогика мен психология және медицинаның түйісу шегінде орналасқан логопедия өз тәжірибесінде мұғалімнің жұмысын оңтайландыратын және ең тиімді әдіс-тәсілдерді бейімдеп қолданады. Қазіргі логопедия ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға тән әртүрлі жас кезеңдерінде және түрлі білім беру жағдайларында балаларды оқыту және дамыту процесін жетілдіру және оңалту жолдарын үнемі белсенді іздеуде.

Логопедтік тәжірибедегі инновациялық технологиялар:

–  бұл жалпы қабылданған, уақытпен тексерілген технологиялар (диагностика технологиясы, дыбысты тоқтату технологиясы, сөйлеу тілдік бұзылыстар кезіндегі тыныс алуын  қалыптастыру технологиясы және т. б.);

– логопед қызметінің нәтижесі болып табылатын жаңа және жоғары тиімділікке ие әдіс-тәсілдер мен құралдар;

– логопед пен баланың өзара әрекеттестігінің жаңа тәсілдері;

Инновациялық логопедиялық технологияларды жіктеу әр түрлі негіздер бойынша жүргізіледі:

а) әсер ету мақсаты бойынша:

–  түзете-дамытушылық технологиялар (эмоциялық, сенсомоторлық тәрбие; мнемотехника, ойлау үрдістерінің тренингтері және т. б.);

– психокоррекциялық технологиялар (арт-терапия түрлері, ертегі терапия, құм терапиясы, психогимнастика және т. б.);

– денсаулық сақтау технологиялары (гипокситерапия, логопедиялық және саусақты массаж, суджок терапия, ароматерапия, тыныс алу техникасы және т. б.)

б) әсер ету құралдары бойынша:

– ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

– қашықтықтан білім беру технологиялары.

Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық құрылымын түзетуде қолданылатын инновациялық логопедиялық технологиялар түрлерінің тиімділігі.

1) жадыны, зейінді, көрнекі-бейнелі ойлауды түзету мақсатында:

– ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (көрнекілік, қол жетімділік, оқу материалын жүйелеуді, балалардың дамуы мен қызметін объективті бақылаудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді);

– Мнемотехника (танымдық қабілеттер мен сөйлеу тілді арттыратын тәсілдер жүйесі).

 

2) Моторлы функцияларды түзеуге бағытталған техниканы қолдану:

– биоэнергопластика -артикуляциялық аппараттың қимылдарын ұсақ моторика қимылдарымен қосу.

– логопедиялық массаж – бұлшықет тонусын қалыпқа келтіруге көмектесетін механикалық әсердің белсенді әдісі. Массаж арқылы дыбыстардың дұрыс артикуляциясын қалыптастыру кезінде қажетті күрделі қимылдарды орындауға бұлшық етті дайындау (ауыз қуысына қол саусақтырымен массаж,бетке нүктелі массаж, зондтармен және  зонд алмастырғыштармен массаж, алақан  бұлшық еттеріне түрлі-түсті шариктермен массаж, жаңғақ, каштанмен массаж, алты қырлы қарындашпен массаж, су-джок  құралдарымен массаж).

– логоритмика-логопедиялық түзету мақсатында жүзеге асырылатын музыкалық-қозғалыс,сөйлеу және музыкалық ырғақты сөйлеу ойындары мен жаттығулар жүйесі.

  1. 3. Арт-терапия түрлері:
  • музыка терапиясы;
  • ертегі терапиясы;
  • құм терапиясы.

– музыка терапия – музыканы эмоциялық қабылдау, музыкалық аспаптарда ойнау. Әуен және оның ырғақты негізі мен орындалуына байланысты музыка әр түрлі әсерлерді көрсете алады.

– ертегі терапиясы – баланың сөздің қорын, байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда қолданатын әдіс.

– құм терапиясы – сөйлеуді сапалы түзеуге және эмоциялық-ерік саласының дамуын қалыптастырады.

Логопедтің қызметіндегі әсер етудің инновациялық әдістері сөйлеу бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту жұмысының перспективті құралы болып табылады. Бұл әдістер тиімді түзету құралдарының қатарына жатады және мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қиындықтарын жеңуде барынша мүмкін болатын табыстарға жетуге көмектеседі. Кешенді логопедиялық көмек аясында инновациялық әдістер балалардың тілдік дамуына оң ықпал етеді.

 

 

БҚО.  Жәнібек ауданының  психологиялық – педагогикалық түзеу кабинетінің мұғалім логопеді:   Ж.К.Аждуова

 

 

 

 

 

Previous Article

Ғылым саласын дамытудағы сапалы білім

Next Article

«Балаларға адамгершілік тәрбие беруде отбасының рөлі»

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • БалабақшаПсихология

    Достармен бірге

    14 мая, 2017
    By admin
  • Психология

    Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!

    29 апреля, 2020
    By Gulzat
  • БалабақшаПсихология

    Заттық әлем

    25 февраля, 2017
    By admin
  • БалабақшаПсихология

    Менің сүйікті балабақшам!

    23 октября, 2017
    By admin
  • Психология

    «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ИЕСІ – БҮГІНГІ ЖАС МАМАН»

    18 мая, 2020
    By admin
  • БалабақшаПсихология

    Тәрбиешілерге арналған психологиялық тренинг: «Адамгершілік иірімдері»

    18 февраля, 2017
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    “Бала деген бір бақыт!”

  • Бастауыш сынып

    Урок по математике 1 класс по теме “Обратные задачи. Составление обратных задач”

  • Балабақша

    Консультация для родителей. Использование компьютерной технологии в дошкольных учреждениях

Біздің Инстаграм каналымызға тіркеліңіз

Жаңа жарияланымдар

  • ҮСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ-ҰСТАНЫМЫ ЖАҚСЫ
  • Таным саласы “Геометриялық пішіндер”
  • Мектеп жасына дейінгі солақай балалармен жұмыс жүргізудің ғылыми теориялық негіздері
  • «Мен жақсы ата-анамын!»
  • «Мен жақсы ата-анамын!»
  • « Мектеп жасына дейінгі балалардың жұптық жұмыс арқылы танымдық қабілетін дамыту»
  • Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
  • Абай-ұлы ақын.
  • Нөсерлеу сөз табы
  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)
  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді
  • «Құстарға қыста қамқор бол»
  • Бала өміріндегі ең басты әрекет
  • «Жарқын елдің шамшырағы”
  • Дала жануары

Күнтізбе

Апрель 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
« Мар    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика