Қауіпсіз балалық шақ үшін

Жол қозғалысы – қырағылық пен ұқыптылықты, жауапкершілік пен оны сезінуді аса қажетсінетін салалардың ең маңыздысы. Заман дамыған сайын адамдардың көлікке сұранысы артуда. Бұл жол-көлік оқиғаларының көбеюі мен одан зардап шегетін адамдардың, әсіресе балалардың қайғылы жағдайларына әкеліп соғуда. Сондықтан осы мәселеде ой қозғап, өзіндік пікір білдіруді жөн көрдім.
Жаратылыс белгілі ереже мен ондағы талаптарға бағынады. Сол ереженің бірі ара-жігін сақтамаса, қоғам үшін де, адам үшін де өкінішті жағдайлар орын алуы мүмкін. Сондай көріністің басым көпшілігі жол-көлік оқиғаларымен аса тығыз байланысты. Көлік тізгініне отырған әр жүргізуші өзі үшін ғана емес, өзгелер үшін де жауапты екенін, өмір Жаратушы сыйлаған ең басты байлық екенін үнемі есте ұстауы керек. Міне, осындай басты ұстанымға ие болған әр жауапты азаматтың жоғары ұстанымынан ғана туындайтын қауіпсіз жол арнасы ашылады.
Таяқтың екі ұшы болатыны секілді жол-көлік оқиғаларында тек жүргізуші ғана емес, жүргіншінің де жауапкершілігі аса маңызды. Сол себепті қауіпсіз балалық шақ, қауіпсіз жол-көлік қозғалысы үшін арнайы түсіндіру жұмыстары мен дәріптеу шараларының маңызы зор.
Жол-көлік қозғалысына қатысушылар, әсіресе жүргізушілер сақтық пен жол ережесін, ал жүргіншілер қырағылық пен жүргінші ережесін сақтаса, қазіргі күні статистикалық деректері артып отырған қайғылы оқиғалар азаятыны хақ. Осы орайда жол ережесін жас кезеңдерден меңгертіп, жауапкершілігін танытып отырудың маңыздылығын ерекше атап өткім келеді:
— Жол ережесінің арнайы, бекітілген қатаң талаптардан тұратынын;
— Жол-көлік қозғалысында қос тараптың да жауапкершілікке ие екенін;
— Қауіпсіздік талаптарын ескеру керектігін;
— Ережелердің барлығына ортақ екенін;
— Күннен-күнге қайғылы жағдайлардың артып келе жатқанын назарға алып отыру керек.
Түйіндеп айтар болсақ, жол-көлік ережелерінің түп негізі баланы жастайынан жауапкершілікке меңгерту жолында түсіндіру, салыстыру, айқындау, маңызын таныту, сезіндіру сынды әрекеттерге негізделіп, ережелерді сақтауды үнемі жүзеге асырып тұруымен сипатталауы тиіс. Жол қозғалысына қатысушылардың бойына сақтық, ұқыптылық, жауапкершілікті сезіну, ережелерді еске сақтап қана қоймай, оны өмір бойына жаттап алып, тәжірибелік тұрғыдан да меңгерудің маңыздылығын танытып отыру керек. Бұл жұмыста ең алдымен отбасы, одан кейін білім беру мекемелері мен жол сақшыларының өзара бірлікте жұмыс жасауы аса маңызды әрекет болып саналмақ.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.