«Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы»

Демжанова Гулмира Тургалиевна

Егеменді еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бетбұрыстарына қарай болашақ ұрпақты тәрбиелеуде басты шығармашыл тұлғаны дайындау мектепке дейінгі ұйымнан басталады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген. Олай болса, мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орны ерекше.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру кезінде заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасып, көркемдеп бейнелеуге және өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады. Мектепке дейінгі кезеңдегі шығармашылық қабілетінің дамуы мектеп жасына дейінгі балаларда бейнелеу өнерінде пішін және бояуды сәйкестендірудің басқа жолын іздеуі болып табылады.

Көркемдік шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты түсіріп, эмоциональды көңіл-күй туғызады.

Сондықтан, балабақшада баланың басты әрекеті ретінде бейнелеу өнерін енгізген маңызды болып саналады. Бала сурет сала, қия және желімдей келе, бірінші кезекте өзі үшін суъективті жаңа бұйымды алады. Бала үшін мұның маңызы зор. Балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше көркем бейнені жасай алады. Осының өзі оның жеке тұлға болып дамуында із қалдырып, нағыз шығармашылықтың тәжірибесін меңгеріп, оны болашақта пайдалана білетіндей болады.

Балалардың танымдық шығармашылығын бейнелеу өнері арқылы арттыру.

Бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу қызметі бір жағынан, белсенділік, өзбеттілік, қиял, оймен жұмыс істеу сияқты шығармашылық іс-әрекетті талап етсе, екінші жағынан, эстетикалық бағыт бейнелеу өнеріне тән қасиет.

Балалардың танымдық-шығармашылық белсенділігін тәрбиелеу, ең алдымен, олардың әлемді тану қажеттілігімен және алған білімін өз шығармаларында пайдалануын дамытумен тығыз байланысты.

Сезім, қызығушылық, дүниетаным да бала іс-әрекетінің мотиві ретінде көрінеді. Балалардың өзбеттілігі және белсенділігі жақсы дамуы үшін бейнелеу өнерін оқыту барысында бірнеше талаптарды ескеру керек.

Мұндай талаптардың бірі-сурет салуды шебер түсіндіру, суреттің салыну кезеңдерін айқын көрсету.

Балалар салынатын нұсқауға өзбетінше талдау жасап, оның ерекшеліктерін анықтайды. Бейнелеу өнерінің өзіне тән ерекшелігі-үнемі шыдамдылық пен сурет салу үдерісі кезеңдері белсенділікті талап етеді.

Баланың танымдық-шығармашылық белсенділігі оның бақылауына негізделген. Ал бақылау тұлғаның қоршаған әлемді тануының белсенді формасы екендігі белгілі.

Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л. Рубинштейннің ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту барысында жетіледі. Оқыту жеке адамның таным қабілетін, дүниетанымын мақсатқа сәйкес дамыта және тәрбиелей отырып жетілдіреді.

Сондықтан балабақша тәрбиешісі танымдық іс-әрекеттің шығуы мен табиғатын біліп, оны бала бойында қалыптастырудың жағдайлары мен шарттарын білген жөн. Еліктеу арқылы салынған алғашқы суретті түсіну шараларын жасауға да болады, бұған дайын репродукциялар, суреттер көрсетумен, оны мұқият түсіндірумен қатар топтағы жақсы сурет салатын балалардың суреттері де көмек көрсете алады. Бұл тәсілдерді қолдану кезінде суретті көрсету, түзетуді қалай жасаудың жемісті табысты жолдарын таңдап алған жөн. Заттың суретін салудағы, мысалы, оның формасының дұрыс еместігін бала өзі түсініп түземесе, онда оқудың, бейнелеу өнері материалдарының пәрменділігі мен нәтижелілігі азаяды. Бұл мәселені шешіп алмай тұрып шығармашылық және танымдық іс-әрекетті дамыту өте қиынға соғады, тіпті көпшілігінде мүмкін емес. Сондықтан натураға қарап сурет салғызудың, ондағы заттардың форма, жарық пен көлеңке, сызықтарды түсіру, бояу түстерін таңдау, оларды реңімен пайдалану реті мен техникасын игеру сияқты іс-әрекеттерді дамытудың маңызы ерекше.

Балабақшада салынатын суреттердің дені табиғатқа, ондағы құбылыстарға бағытталады, себебі өзі қоршаған ортаның бала сезіміне әсер етпеуі мүмкін емес. Қайталау, салыстыру және жаттығу барлық игерілмегенді игертетін, меңгертетін тәжірибелік жұмыстар. Бұлар өз кезегінде сурет салуда заттың, құбылыстың қасиеттерін анықтап, танып білуге бағытталып, балалардың қоршаған ортаның сан-алуандылығын бейнелеуге қажетті ептіліктер мен дағды қалыптастыруларына мүмкіндіктер береді. Суретті бейнелеуде негізгі талап-саналылық әрі шынайылық болуы тиіс. Бала алғаш қарындаш ұстаған беттен бастап бейнелеудің көлемдік, кеңістіктік, сол сияқты, пішіндік, реңдік таным іс-әрекеттерін жүргізуі қажет. Балаға сурет дәптер парағын кеңістіктік терезе ретінде қабылдату өте көп көмегін тигізіп, бейнелеудің күрделі сатысына жол ашып береді.

Әсіресе өзіміздің халықтық, яғни, сәндік-қолданбалы өнеріміздің нұсқауларын насихаттау, өте нәзік өнер иірімдеріне деген сезімдік қабылдауларын жетілдіруге мән берілген. Түрлі халық шеберлерінің асқан таланты мен биік талғамдарының шынайы көрінісі болып табылатын, сан алуан қолөнер бұйымдарын көріп, терең қабылдап, сол арқылы туған халқымызға, ұлтымызға, ұлтымызға тән өнердің негізгі бағыттарымен танысуға болатыны айтылған. Балалардың бойындағы көркемдік талғамдары мен әсемдік атаулыға талғампаздықтарын қалыптастыруға негізделеді.

Өзін қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда қабылдай отырып, бала шығармашылық іс-әрекетіне де ықыластана түсері сөзсіз.

Шығармашылық іс-әрекетінің айқындалар тұстары:

Баланың өз шамасы мен жас мөлшеріне лайықты еңбек әрекеті барысында әсемділік пен ұқыптылықты ықыластана ұштастыруы, мінез-құлқындағы әдеп пен әсемдікті ұштастыруы, эстетикалық танымдық іс-әрекетке деген құштарлығы, көркем шығармаға деген ынтасы. Баланың көркемдікке деген ынтызар санасы мен көркем мазмұнды әрекетін қатар қалыптастыра отырып, дамытуды біртұтас педагогикалық үдерістің екі жағы деп те айтуға болады.

Мектепке дейінгі жастағы баланың зейіні өте тұрақсыз, ол суретті көп қарау кезінде де шаршауы мүмкін, әрі оны көркем өнер туындысы емес, көп жағдайда сурет салу үдерісінің барысы қызықтырады, ал эстетикалық талғамдарын қалыптастыру нақты бір жағдайларға тікелей байланысты болады. Баланың көркем талғамдары неғұрлым ертерек дамыса, соғұрлым олардың болашақтағы саналы мінез-құлқы мен оқу қызметі жемісті болуы тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалардың тәжірибесі онша көп емес, сондықтан басты сипаты, әсерлі белгілерді көріп, есте сақтауы үшін затты алдын-ала бақылауға мүмкіндік беру керек. Балалардың суретінде кездесетін көптеген қателіктерді нақ осы көре білмеумен түсіндіруге болады.

Сондықтан балалардың танымдық шығармашылығы бақылау білу қабілетін тәрбиелеумен әрқашан байланысты болып келеді. Сурет салғанда, бейне жасағанда бала есінде сақтағанын тек көшіріп қана қоймайды, онда осы затқа деген қандай да бір толғаныс, оған белгілі бір қатынас пайда болады.

Баланың бүкіл қиялынан образ жасалады, оны бала бейнелеу құралдарының көмегімен береді, біздер балаларға сурет салу үшін еске түсіруді, ойлап табуды, елестетуді қажет ететіндей мазмұнды ұсынамыз.

Педагог әсерлі образды жасаумен қатар қоғамға саналы, эстетикалық, рухани бай тұлға тәрбиелеп алып келуші.

Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы.

Әдемілікті сезіну, шығармашылық қабілеттің қалыптасуы балалық шақтан басталады. Жас нәрестенің өзі әсемдікті ерте қабылдайды. Оның санасында жаңа қайталанбас ойдың тууына алып келеді. Барлығымыздың да балалық шағымызда суретші, мүсінші болғымыз келгені анық.

Қабырғалар мен жарларға, ағаш, құм, топырақ беттеріне, әр түрлі шытырман суреттер бейнелегендіктеріміз есімізде. Бұл бейнелеуге деген әуесқойлық біртіндеп басылады, сурет өнеріне берілген көркем шығармашыл адамдар ғана жол таңдайды. Қазіргі заманғы балабақшадағы мүмкіншіліктер шектелген оқу-тәрбие жүйесінде балалардың көркемдік тәрбиесі қалыс қалу мүмкін емес. Балалар бақшасындағы бейнелеу өнерінің түрі, мектеп жасына дейінгі балалардың еі эмоционалды, қызықты әрекет түрі. Әр түрлі көркем жабдықтарды бейнелеу техникасын қолдану балалардың мүмкіндігіндіктерін кеңейтіп, қиялын, шығармашылық қабілетін дамытады.

Қолдарына берілген түсті қарындаштар, фломастерлер мен акварель бояуларымен шимайлап суреттеген бала шаттық сезімде болады.

Бала үшін сурет салудың өзіндік пайдасы зор. Әсіресе суреттің психологиялық процестерінің дамуына тигізер көмегі көп. Ол бала зейінін тұрақтандыруға, есте сақтау қабілетін жақсартуға, ойлап талдауға, салыстыра білуге, қиялдауға үйретеді. Ең бастысы бала тілінің дамуының –басты құралы. Мектепке дейінгі ерте сәбилік шақтан бастап бала психологиясы дамытылса, тәрбиенің нәтижесі де соғұрлым нәтижесі де табысты болады. Көптеген ғалымдар сурет салу баланың сөйлеу және ойлау әрекетін дамытуға күшті ықпал ететінін айтады.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский өз заманында, сурет бала тілін дамытудың қуатты құралы: «Ол суреттен көргені туралы сұрақ қойып, өзінің алған әсерімен бөліседі»-деп жазған.

Шығармашылық –бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезіненбастап, бүгінгі күнге дейін жетістіктері-шығармашылықтың нәтижесі. Шығармашылықты дамыту, тәрбиелеу туралы ойлар, көзқарастар ұлы ойшылдарымыздың Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан олар еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі сөз етіп отырған. Көрнекті педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренко шығармаларында қабілеттерді дамытудың жодары қарастырылса, бала шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. Ұжымдық жұмыс машықтарын тәрбиелейді. Балалар тек сурет салып, мүсіндеп, жапсырып қана қоймайды, олардың тілі ұсақ-қол қимылдары да қоса жетіледі. Ал, ұсақ-қол басындағы нерв талшықтарының өз дәрежесінде дамуы, ол бала тілінің даму жолы.

ТРИЗ технологиясы-сурет салудағы тиімді әдістеме. Балалардың неғұрлым ерте логикалық және абстракты ойлау қабілетін, қиялын дамытып, зейін қоюға үйретеді. «Ойдағының бәрін айтуға болады», сондықтан балалар өздері ойлап тауып, өз ойларын жасқынбай айтып, жеткізуге тырысады.

Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыруда, бейнелерге қызықты да, әдеттен тыс сипат беруге үйретуде сурет салудың ТРИЗ әдістері

(үрлеу арқылы сурет салу және жіп графикасы, картоп бастырмасы, саусақпен, далаппен, ермексазбен сурет салу) енгізілді.

Бейнелеу өнерінің бұл әдістерін енгізу барысында балалар өздері ойлап, өздерін шығармашыл ретінде сезінетіндіктерін байқауға болады.

Шығармашылық ықпал кез-келген міндеттерді шешуде педагогтық бейнелеу техникасының ерекше дәстүрден тыс жолдарын, шешімнің көптеген нұсқалары мен тәсілдерін көрсеткен кезде ғана туындайды. ТРИЗ әдістерін қолданудың бір ерекшелігі-балалар нәтижеге тез қол жеткізеді.

Мысалы: әр бала үшінсаусақпен сурет салу, өз алақанының таңбасымен сурет салу, қағаз бетінде бояу тамызып, оны үрлеп сиқырлы бейнелерге айналдыру өте қызықты. Ол адамның ақыл-ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке үйретеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұнды сурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылқалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс. Сол себепті, балабақшада баламен жұмыстың ең жақын, тиімді жұмыс түрі бейнелеу әрекеті болып табылады, ол баланың нәтижесінде әдемі, қайталанбайтын, әсем бейне туындайтын өз шығармашылығымен айналысуына жағдай жасайды.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.