«Өрмекші менің досым»
Танымдық оқиға
Раян балабақшаға келгеніне екі жыл болды. Еркін ойын кезінде бір өрмекші жоғарыдан жерге түсті. Оны көрген Раян өрмекшіні қолымен ұстап алды. Балалар, Раян ұстама деп айқалап жіберді. Тәрбиеші жүгіріп келіп мұнда не болып жатыр, қолындағы не нәрсе, таста өрмекшіні. Балалар өрмекшілерді ұстауға болмайды. Өрмекшілердің түрлері өте көп, олардың адамға зиян тигізетіндері болады. Адамдарды шағады, шаққан адамдар түрлі дәрі-дәрмектер ішіп ұзақ уақыт емделеді. Раян үнемі сөмкесіне салып түрді өрмекшілердің ойыншығын әкеліп балаларға мақтанады. Басқа балалар өрмекші ойыншықпен ойнағысы келіп Раян ойыншығыңды бере тұршы менде ойнайын.
-Жоқ болмайды менің өрмекшілерімді сындырып қоясын. Оқу қызметінде балаларға құстардың суретін көрсетіп, сурет салуға ұсыныс жасадым. Бірақ Раянның салған суретін жанамай бақылау жасап өрмекші салғанын көрдім. Осылайша оның өрмекшіге деген қызығушылығы ерекше көзге түсті. Бірде ол достарына мен өрмекші адам (челевек паук) боламын деп түрлі суреттер көрсетеді. Ал Мирас сен адамсын, өрмекші адам болмайды.
-Дәулет апай өмірде өрмекші адам боладыма?
-Жоқ болмайды,ол адамның қиялынан пайда болған. Мен тікелей бақылай отырып сұрақтар қойдым.
Раян сен өрмекшіден қорықпайсынба?
Жоқ қорықпаймын, өрмекші менің досым.
-Сен өрмекшінің немен қоректенетінін білесінба?
-Жоқ білмеймін.
Күннің екінші жартысында «Өрмекшілер немен қоректенеді» деген слайд көрсеттім. Раян таңырқап айтады, апай өрмекшілерде адам сияқты еңбек етіп тамағын тауып жейді екен деп қатты қуанады.
Келесі күні Раян топқа келіп, апай бүгін өрмекші туралы айтасызба?-деп қуанды.
-Одан әрі «Өрмекшілердің торы» ойынын ойнатқанды жөн көрдім. Балаларға ойынның мақсатын түсіндіріп, Раянды өрмекші болуды ұсындым, ол ерекше әсерде болды.
Өте керемет! Раян сен өрмекші болып жақсы ойнап шықтың.
Әрі қарай оқыту:
-Қалай ойлайсындар өрмекшілер қалай көбейеді.
-Білмеймін.
-Өрмекшілер жұмыртқа арқылы көбейеді.
Раян сен өрмекшілерді көргің келеме?
-Ия көргім келеді.
Шыны ыдысқа салынған бірнеше өрмекшілер әкеліп көрсеттім. Балалар бұл өрмекшілерді қолымен ұстауға болмайды,өрмекшінің ұстауға болмайтын улысыда болады, жай ғана бақылауға болады. Өрмекшілерді бақылап аяқтарының ұзын болатынын айтты. Раян өрмекшілерге қарап қимылдарын салады.
Өрмекші адамдарға қандай көмек береді?
-Үйдегі шіркейлі және шыбынды өрмегімен байлап азайтады.
Педагог:-Өте дұрыс айтасын.
Апай өрмекшіні кім зерттеп шыққан?
Өрмекшілерді ғалым ағаларымыз зерттеп шыққан, олардың еңбегі орасан зор.
Өрмекшілер туралы балаларға қысқаша деректі фильм көрсеттім.