Мен қазіргі заман мұғалімімін

Бигазина А.Т.

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

«Қостанай қаласы білім бөлімінің

№122 негізгі орта мектебі» КММ

 

 

Мен қазіргі заман мұғалімімін

 

Әлем тез өзгереді, балалар да өзгереді, ұстазға қойылатын талаптар да өзгеше болады. Менің ойымша, тиімді жұмыс жасағысы келетін жаңашыл мұғалім – зерттеуші, кеңесші, тәрбиеші, жобаны ұйымдастырушы және жетекші болу керек. Бар ынтасымен балаларға білім беретін, өз ісін сүйетін, түсінетін мұғалім – ол нағыз ұстаз! Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі зор.  «Ұстаз» сөзінің бұрыннан да киелі, ардақты ұғым болғаны белгілі.

Шынымды айтсам, ешқашан мұғалім боламын деп ойлаған жоқпын. Бала кезімде бухгалтер, экономист, қаржыгер болуды армандаған едім. Бірақ тағдыр арнасын басқа жаққа бұрды: мен мұғалім мамандығын  таңдауды жөн көрдім. Басқа емес, осы елдің мемлекеттік тілі – қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығын иелендім. Бұл менің мұғалім мамандығына бұдан бетер сүйіспеншілігімді арттырды. Өз ісімді, мамандығымды, жұмысымды сүйемін.

Мен қазіргі заманның ұстазы ретінде білім беру стратегиясындағы барлық өзгерістерге мұқият ден қойып, жаңа ғасырдың ақпараттық-коммуникативтік мүмкіндіктерін тиімді пайдаланамын. Қазіргі уақытта  мемлекетіміздің   білім беру мәселелеріне ерекше назар аударғаны қуантарлық жағдай. Ұстаздардың әлеуметтік салада қолдау табуы, жалақының өсуі, «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы – ұстаз мәртебесінің шынымен биік екенін көрсетеді.  Мұғалім-өз пәнін өте жақсы білетін адам ғана емес, сонымен қатар, оқушымен оның уайымы мен қайғы-қасіретін бөлісе алатын, жеңістері мен табыстарына шын қуана алатын адам. Ата-аналардан алынған көптеген сауалнамалар нәтижелерінен  мұғалімнің беделі шеберлігімен, адами қасиеттерімен, қарым-қатынас стилімен және оқушылардың білім алу нәтижесімен анықталатынын білуге болады. Мұғалімнің  педагогикалық мансабы барысында үзбей білім алуы өте маңызды. Мұның мақсаты  – болашақта балалардың кез-келген әлемде бәсекеге қабілетті болуы үшін оқушылардың білім сапасын арттыру болып табылады.

 Мұғалім мамандығы — бұл үлкен жауапкершілік. Мұғалімдер өз істері арқылы балаларға үлгі көрсетіп, өмір сүруге үйретеді, оқушыларға жақсы адам болуға көмектеседі.

Мұғалім болу-балаларға тек білім ғана емес, сонымен қатар өмірлік тәжірибе беру. Бұл мұғалімнің азаматтық міндеті, оның осы әлемдегі адами мақсаты.

Заманауи мұғалім… Бұл сөзде қанша мағына  бар! Біздің әрқайсымыз үшін «мұғалім» деген сөз, өмірде өз орны бар, мәңгі есте қалатын адам, өйткені әр адамның өмірінің белгілі кезеңдерінде мұғалім болады.

Сабаққа дайындық, сынып жетекшілігі және сабақ жоспарларын құрастыру көп уақытты алады. Бірақ өзіңіздің оқушыларға керек екеніңізді сезінгенде, бұл қиындықтардың барлығы оңтайлана түседі.

Заманауи мұғалім-бұл өз ісінің шебері,   үнемі шығармашылық ізденісте болатын адам. Мен де ешқашан білімімнің деңгейін, кәсіби құзыреттілігімді арттыруды,   жаңа технологияларды, дәстүрлі емес әдістерді игеруді тоқтатқан емеспін, үнемі ізденіс үстінде жүремін.  Ұсздаздық жолында тек жақсы мұғалім ғана болуға болмайды, ең әуелі жақсы адам болу керек. Мен жеке қасиеттерімді түсініп,  қайталанбастай өмір сүру стилін құруға ұмтыламын. Бұл қарым-қатынас, сөйлеу өнері және  тыңдау қабілеті. Менің қызметімде  өзін-өзі жетілдіруге   ұмтылу бірінші кезекте болу керек. Менің ойымша, қазіргі заманғы мұғалімнің басты сапасы-балаларға махаббат пен әсемдік сыйлай білу.

 

Менің айналамда   оқушыларым жүреді. Олар сұрақтар қояды, өз құпияларымен қиындықтарымен, оқиғалардан алған әсерлерімен бөліседі. Кейде олар жай ғана үзілісте менің жанымнан табылады. Жақсы мұғалімге бала да жақын болады. Мұндай сәттерде өзіңнің керемет міндетті орындап жүргеніңді сезініп, қуанып та қаласың.

Мұғалім  биік кәсіби маман болса да,   жеке қасиеттерін, кәсіби деңгейін жетілдіруге міндетті. Мен өзімді қазіргі заманғы ұстаз деп санаймын. Ішкі дамуын, білім алуын, ізденісін тоқтатқан мұғалімнің оқушылар үшін де қызықсыз болатыны белгілі. Өзі ізденбеген мұғалімнің сабағы да жеміссіз болады. Менің ұстаз ретіндегі ұстанымым – мұғалім өзі үйреніп жүрсе ғана оқушыларды үйретеді. Мен үшін әрбір сабақта әрбір оқушы үшін табыс жағдайын жасау маңызды. Оқушылар  сабаққа қызығушылық таныта отырып, менің өз ісімді одан да артық сүйетінімді дәлелдей түседі.

Мен өз оқушыларымен бір-бірінің жетістіктеріне қуануға үйретемін, әр кішкентай жеңіске құрмет көрсетемін, оларды қолдауға, сөзбен ғана емес, іспен көмектесуге тырысамын. Сабақтарымның соңында оқушылардың алғысы мен үшін баға жетпес мойындау. Ол менің мамандығымды, кәсібилігімді, қажеттілігімді мойындау деп білемін.

Менің ойымша, қазіргі уақытта, мәселелерді шешуге стандартты емес көзқарастары бар, зерттеу қызметінің дағдыларын меңгерген, өздігінен шешім қабылдай алатын білімді, адамгершілік қасеиттері бар, шығармашыл адамдар қажет.

Мен өз қызметімді талдап, өзімді «қазіргі заман ұстаздарының» қатарына жатқызамын.

Біздің әрқайсымыз өз ісіміздің қайталанбас, бірегей, жоғары шебері бола алатынымызға және әрқайсымыз өз күшіміз бен мүмкіндіктерімізді аша алатынымызға сенуіміз керек. Менің ойымша, бәрі шеберлікке байланысты. Ал шеберліктің өзі-мұғалімнің ұзақ, қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Еліміздің жаңартылған білім беруге көшуіне байланысты менің заманауи педагог ретіндегі жауапкершілігім жыл сайын артып келеді деп есептеймін. Біз, мұғалімдер, қоғамымыздың адамгершілік және зияткерлік негіздерін қалыптастырамыз және біздің мемлекетіміздің болашағы бізге байланысты.

Ұстаз тек өз істерімен ғана емес,  оқушыны ең күрделі ғылымға – адам болуға үйретеді. Тек  білімді, талантты, дана және патриот  ұстаз ғана лайықты ұрпақ  тәрбиелей алады.  Мен де сондай ұстаздардың қатарына жатамын деп ойлаймын

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.