Я дыбысы және әрпі

Түркістан облысы

Арыс қаласы

№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі

Мектепалдыдаярлық тобының тәрбиешісі:

Спатаева Ботакоз Жумабаевна

 

МАД Тәрбиеші:Спатаева Б пәні:сауат ашу күні:
Тақырыбы Я дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты Білімділік: Я дыбысы мен әрпін таныту. Оқушыларға Я дыбысы арқылы берілген сөздерге  дұрыс оқып, жаза білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Я дыбысы естілгенмен Я әрпі жазылатын ережені ұстана отырып,білімдерін қалыптастыру. Әр түрлі тапсырмалар арқылы логикалық ойлауын дамыту.Оқушының ой-өрісін, тілін,танымын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Әдемі жаздыра  отырып, әдемілікке,тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер Сабақтың көрнекілігі: Я әрпінің баспа және жазба түрі, қима әліппе, суреттер, текшелер, құстың ұясы бейнеленген суреттер
Іс-әрекет  кезендері Тәрбиеші  әрекеті Балалардың   іс — әрекеті
       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Оқушылармен амандасу,шаттық шеңберін құру.
-Армысың, шапағатты күніміз
-Армысың, мейірімді жеріміз
-Армысың, табиғат анамыз
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз
Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.
Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 

1-тапсырма.
Жұмбақ шешу.
Қолы жоқ, сурет салады
Тісі жоқ, тістеп алады    /АЯЗ/
-Сөз ішінде таныс  емес дыбысты табайық.
Я дыбысы. Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы қалай аталады екен?
Я дыбысы мен әрпі.
Я  әрпінің жазылуы
а/ баспа түрі
ә/ жазбаша  түрі
б/Я дыбысын хормен айтқызу.

в/ Қолымызға қалам алып ауада жазу.

г/Я дыбысының артикуляциясын меңгерту.

д/ Я дыбысы й+а дыбыстарының қосындысынан тұратындығы, оның екі дыбыстың қосарлана айтылуынан жасалғанымен, бір әріппен ғана таңбаланатынын дұрыс ұғындыру.

е/ АЯЗ сөзіне дыбыстық талдау жасату.

2-тапсырма

Тақтамен жұмыс.

Мұғалім Я я әрпінің жазылуын көрсетеді.

Я я әрпін бірнеше оқушы тақтада жазып көрсетеді. / Әріп элементтерінің дұрыс жазылуына мән беріледі/

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәті «Қонаққа барамыз».

Балалар үй иелері және қонақтар болып бөлінеді. «Үй иелері» қонақтарды «сиқырлы сөздерді» айтып қарсы алу қажет. Қонақтар сыпайы жауап қайтарады.

Оқушылар ойын ойнайды
 Рефлексивті — түзетушілік  Дәптермен жұмыс.

Я әрпінің жазылуы

Я-әрпі жазылған үлгіні әдемі етіп  толтыру.

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.
Күтілетін   нәтиже:
Білу Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.
Өзіне үйренгені Я әрпінің жазылуын үйренеді

 

Үйрену   Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.