Ибрагим ағайға арнау

Ұйымдастырушы аты-жөні:  Абуова Ақалтын Байжанқызы

«Ханшайым ана» бөбекжай балабақшасы «Бал-бала» тобының тәрбиешісі.

Балабақшам бақыттың мекені

Балабақшам- бақыттың мекені.Бұл мекеннің есігінен аттағаннан-ақ кеудемді ерекше сезім билейді десем, сенбессіз-ау… Ия, ия шынымен! Кеудем махаббатқа толып, жанарымнан жалын ұшқындап, ыстық ықыласпен бар ынта-жігеріммен жұмысқа кірісіп-ақ кетемін.Міне осындай бақытқа бөлеген жұмыс орным-«Ханшайым ана» балабақшасы.

Түрлі салада жүрген кейбір құрбыларымның «жұмыстан шаршадым», «жұмыстан шыққым келеді», «айлығым аз», болмаса «мүлдем жұмыс жасағым келмейді» деген әңгімелерін естігенде , жұмыс жасауға деген ниетімнің қашқандығын жасыра алмаймын.Дегемен,бір күні ғаламтор бетінен атақты француз жазушысы Вольтердің мына қағидасы санама берік орнатты. Ол айтады: «жұмыс адамды үш нәрседен құтқарады: ауру-сырқаудан, зерігуден және тарығудан». Расымен де тағдыр жолы  таңдап берген сенің жұмысың-ол сенің несібең! Несібеңді аяққа ұрып, одан бас тарту, немқұрайлылық таныту ол адамға сын! Осы қанатты сөздердің әсері болар, менің жұмысыма деген көзқарасым түзу, жауапкершілігім жоғары. Адам бар ғой, саған тапсырған қандайда бір істі ыждаһаттылықпен орындаса, жеміс берері сөзсіз. Жұмыстада солай, сөмкеңді асыпкіріп-шыққаныңды білмей, жан –тәніңмен  жұмысқа берілу, ол-сенің қасиетті борышың. Бұл күнде өзім аталамыш  балабақшаның «Бал-бала» кіші тобының тәрбиешісімін. Өзімнің туған балаларыма қалай қарасам, оларға төккен Аналық мейрім-шуағымды алдымдағы бөбектерменде бөлісе аламын. Жұрт мал-мүлкімен мақтанса, мен жүрегімнің кеңдігімен марқаямын. Өзге түгіл, өз басына жылу бере алмай жүрген аналар бар. Ал, менің тобымдағы сәбилерге деген сүйіспеншілігімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оларда менің ықыласымды сезетіндей, қасыма келіп мені құшақтағандарында жүрегім еріксіз елжірейді.Демек менің уақытым текке кетпеді, жұмысым өз жемісін беруде. Әрбір жұмыс орнында «әріптес» деген ұғым бар. Әркімнің ол ұғымға көзқарасы әрқилы. Әріптестердің арасындағы ауызбіршілік пен ұйымшылдық, ол басшылықтың мықтылығында.Балабақшамызда құрылтайшымыздан кейінгі бас көтерер тірегіміз, білімі мен ақыл-парасаты ұштасқан болмысы бар бірден бір жан, ол-Гүлсім Тұрлыбекқызы.!

Көңіл көкжиегі кең апайымның байсалдылығына , парасат биігіне, талғамына тәнтімін. Әріптестерді қолдауы, әдістемелік көмегін ұсынуы, жан-жақтылығы, ол бөлек әңгіме.Бізді,яғни тәрбиешілерді, барлық қызметкерлерді өзімен тең көріп, келелі ақылын айтып, кемеңгерлігін танытып келеді. Ағат басқан жеріміз болса, аяқтан шалмай, қайта «олқылықтың орнын былай толтыр» деп бағыт- бағдарын беруден жаңылмайды. Жаманымызды жасырып, жақсылығымызды асырып , жанымыздан табылатын жақсы апайымызға шығармашылық табыс тілеуден танбаймыз. Ал, құрылтайшымыз Серікбай Ибрагимұлы –дархан пейіл, жомарт жан! Балабақшаның тыныс-тіршілігіне үңіліп,балабақшаны  тек «кәсіп» түрі ретінде танымай, «балаларға деген үлкен қамқорлықтың белгісі» деген ұстанымымен ұлықталған тұлға.! Сыр елінің топырағынан түлеген осындай атпал азаматтарымыз еліміздің өркендеуі мен қарыштауы жолында аянбай қызмет жасап жүр. Алла әрбір жасаған игі бастамаларыңызға нұрын жаудырсын дей келе , Ибрагим Серікбайұлына арнаған осыбір арнауыммен аяқтасам деймін.

 

Ибрагим ағайға арнау

 

Сізді аға теңейміз біз жарықпенен,

Қашанда тыныстаған халықпенен.

Игілігі үшін елдің аянбастан,

Бөбектерге балабақша салып берген.

 

Жүретін ылғи дәйім алғы сапта,

Айналдырған жан-жағын нұрлы баққа

Абройдың биігінде асқақтаңыз,

Лайықсыз «Ел ағасы» деген атқа.

 

Ақынбыз қай іскеде мән беретін,

Көңіліміз мөлдір жырмен нәрленетін

Салдыңыз «Ханшайым ана» бақ ордасын,

Солтүстік жағалауға сән беретін.

 

Бағындырған еңбектің зор белесін,

Жастарға болар үлгі өнеге ісің,

Ағай сізге серік боп сәттіліктер

Кәсібіңіз қарыштап дөңгелесін.

 

Жыр арнап елден ерек тебірендік,

Ұлықтасын сізді әркез шежіре елім!

Сіздей жомарт адамның арқасында

Қаумаладық балабақша төңірегін.

 

Биік қояр әсем сөз қазынасын,

Сіз жайлы талай жырлар жазылар шын

Әр істе тек халықтан алғыс алып

Жаныңыз жақсылықпен жадырасын.

 

«Ханшайым ана» балабақшасы  «Бал-бал» тобының тәрбиешісі

Абуова Ақалтын Байжанқызы

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.