ЖАС ҰРПАҚҚА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Ертедегі ата – бабаларымыз білімді толық игермесе де балаларын кәсіпке, білімділікке мәдениеттілікке имандылыққа, үлкенді сыйлауға, елін, жерін қорғауға үнемі тәрбиелеп отырды.
Қазақ халқы баласын алдымен кәсіпке мал бағуға, қыздарын от басы ошақ қасындағы үй тәрбиесіне баулыды. Тәрбиенің негізгі алтын қазығы етіп адамгершілік, имандылық үлкенді сыйлау дәстүрін қалыптастырды. Ауылда ақсақалдар мен Билер жүйесі жұмыс істеді. Барлық басшылықты осы ұйымдар арқылы іске асырды. Билер жүйесінің ісі қылмысты істерге әділ шешімін айтып отыру болса, ауылдағы басқа ұйымдастыру жұмыстарын ауыл ақсақалының айтуымен іске асырылды. Қазақ халқы тарихында сот прокротура полиция тәрізді қылмыстық істер туралы ұжым болған жоқ, солай болсада қылмыс әдейі кісі өлтіру ісі өте сирек болатын құбылыс. Елдегі ең үлкен қылмыс барымта жер-жайылым дауы мен бірін-бірі сүйген қыз бен жігіттің елден қашып кетуі тек осы кездерде ғана кісі өлімі болып тұрды оны билер реттеп отырды. Сол кездердегі тәрбие үрдісінің күштілігі сондай қылмыс өте аз болды. Қазақ халқы үйіне құлып салуды, киіміне қалта салуды білмеді соған орай ұрлық болған емес немесе өте аз болды. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесінің күштілігі осында.
Қазіргі педагогика ғылымының «тәрбие» үрдісіне берген анықтамасы төмендегіше болып келеді.
«Тәрбие үрдісі» — әлеуметтік кең мағынада алсақ — өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтік құрылымдар: қоғамдық институтта, ұйымдар, діни және мәдени орталықтар, бұқаралық ақпараттық құралдары мен мектеп және отбасы арқылы өмір сүруге білім алуға тәрбиелі болуға даярлау болып табылады.
Ал тәрбие үрдісі – педагогикалық тар мағынада оқу –тәрбие мекемелерінде арнайы маман педагогтар ұйымдастыруымен және басқаруымен жүргізілетін жаңа формациядағы адамды қалыптастыру.
Жаңа Қазақстанның жаңа ұрпағын даярлау барысында, педагогика саласында «тәрбие технологиясы» деген ұғым пайда болды. Себебі жаңа ұрпақты жаңа заман дәстүріне лайықты тәрбиелеу қажеттігі туындады. Қазіргі педагогтар алдында тұрған міндет қазақ халқының көптеген жылдар бойы қалыптасқан жағымды пайдалы ұлттық құндылықтарын сақтай отырып жаңа заман талабына сай жаңа формациядағы білімді, мәдениетті ұрпақты тәрбиелеу.
«Технология» термин сөзі гректің –«шеберлік» деген ұғымын білдіреді. Алғашқы кезде металл не металды өңдеудің әдіс тәсілдерін жиынтығы деп есептелінсе, кейіннен ХХ ғасырда педагогикалық оқыту әдісіне пайдаланылады. Жеке тұлғаны кешенді оқыту және тәрбиелеу үрдісі технология үрдісін тәрбие саласына да пайдалануға әкеліп соқты. Педагогикада бұрыннан қалыптасып келе жатқан «әдістеме» (методика) деген ұғым бар. Технология ұғымы да әдістеме ұғымын толықтыра тереңдете түседі. Яғни екі ұғымның да негізгі фнукциалдық мақсаты «тұлғаны тәрбиелеу» болып табылады. Осы тәрбиелеу үрдісі кезінде технология мен әдістеменің айырмашылығы туындайды [1].
«Әдістеме» үрдісі тәрбиенің әдіс – тәсілдеріне сипаттама берсе, «технология» үрдісі – тәрбие үрдісін басқарудың жүйелі қалыптасқан жүйесін құрастырады, реттейді және іске асырады.
Тәрбие технологиясының өзіне тән міндетті құрам бөліктері (атрибуттары) болады.
Обьективті құрам бөлігіне тәрбие ісін басқарудың мақсаты мазмұны формасы ұстанымдары, әдісі жатады.
Субьективті құрам бөліктерінің іс-әрекет түрі (стиль), тәрбие ісіндегі қарым – қатынас, тәрбиеге қатысты тұлғалардың функциясы және олардың құқы мен міндеттері жатады.
Тәрбие нысанының шамасы ауқымына және мақсат міндетіне қарай тәрбие технологиясының үлгісі (модель)
3 түрлі деңгейге бөлінеді.
1. Стратегиялық технология
2. Тактикалық технология
3. Жеделдете жүргізетін технология
Стратегиялық үлгі – көптеген жылдарға арналған тәрбие жүйесінің басты болашақтағы негізгі бағыттарын қамтиды.
Тактикалық үлгі — белгілі бір кезеңдегі атқарылатын істерді басқаруды жүзеге асырады.
Жеделдете жүргізілетін тәрбие технологиясының үлгісі кейінге қалдыруға болмайтын педагогикалық жағдайларды іске асыру туралы тәрбие ісі. Бұл үлгі алдағы екі үлгіні іске асырудың алғашқы бастапқы кезеңі десе де болады. Бұл үлгі нақты практикалық іс-шара бойынша жүргізіледі.
Сонымен тәрбие технологиясы дегеніміз – белгілі тәртіппен, арнайы уақытта жүргізілетін, алдына қойған мақсаты бар жүйеленген педагогикалық іс-әрекеттерді жиынтығын басқару үрдісі болып табылады. Тәрбие технологиясы нысанының ізденушілік танымдық мотивациялық шеберлігіне әрекетіне немесе ниетіне байланысты тез іске асу ықтималдығы бар [2].
Сондықтан тәрбие технологиясы көп нұсқалы (вариант) әрі шығармашылық ізденістің жемісі болып табылады.
Қазіргі заман талабына сай жас ұрпақты тәрбиелеудің базалық негізінің идеялары етіп мына көрсеткіштерді ұсынамыз.
1. Қазіргі заманға лайықты еркін ойлайтын азаматты тәрбиелеу.
Ол үшін адамда :
— жоғары деңгейдегі азаматтың өзіндік пікірі;
— жеке басы абыройын жоғары ұстау;
— өз ісіне жауапкершілігі;
— өзіндік жеке пікір тәуелсіздігі;
— өмір сүру аясын еркін таңдауы т.б;
2. Адамгершілігі мол адам тұлғасын тәрбиелеу :
Ол үшін адамдарға деген адамгершілік ізгі ниет әр кез көмек беруге даярлығы, адаммен бірге қуанып, қайғыра білу көршілік, бейбітшілік өмірге ұмтылу.
3. Рухани байлығы мол адамды тәрбиелеу :
Білімге мәдениетке өнерге ұлттық құндылықтарға өмір сүрудің
идеясына ұмтылуы;
4. Шығармашылық қаблеті мол адам тәрбиелеу;
Шығармашылық ізденгіштің ғылыми педагогикасы мен интелектісі
болу үнемі жаңалыққа ұмтылуы;
5. Практикалық іс – әрекетті бар (Прагматик) тұлғаны тәрбиелеу яғни;
қазіргі таңдағы актуалды проблемалар
— кәсіпкерлікке
— компютерлік сауаттылыққа
— шет тілін үйренуге
— денені шынықтыруға
— жағымды әдет – ғұрып мәнерге иелену
6. Өмір, қоғам, саясат дүние таным туралы тұрақты өзіндік пікір
қалыптастыру.
7. Ұлт жандылық, ұлтшылдыққа өз елін жерін, тілін халқын сүйуге
тәрбиелеу де тәрбиенің негізгі идеясы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика.-Алматы, 1998, 2000.
2. А.С.Макаренко Тәрбие мақсаты. – М 1958.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.