Психологиялық диагноз

Түркістан облысы

Арыс ауданы

М.Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Бастауыш пән мұғалімі:

Сарбалаева Ншанай Спабековна

 

 

Психологиялық диагноз

Психологиялық диагноз (гр. diagnosis — танып білу) — дәрігердің жеке адамның даралық-психологиялық ерекшеліктерінің мәнін сипаттап, анықтауға бағытталған қарекетінің түпкілікті нәтижесі; бұл ерекшеліктердің белгілі бір уақыт үшін мәнді жай-күйін бағамдау, одан әрі дамуын болжау, психодиагностикалық қараудың міндеттеріне орайлап нұсқамалар белгілеу мақсатымен жүргізіледі. Психологиялық диагноздың пәні — қалыпты күйдегі, сондай-ақ патологиядағы даралық-психологиялық айырмашылықтарды анықтау. Педагогикалық диагноздың аса маңызды элементі — әрбір нақты жағдайда қаралушының мінез-құлқында белгілі бір көріністердің неліктен байқалатынын, олардың себептері мен салдары қандай қажетті екендігін анықтау. Психодиагностиканың құралдары арқылы белгілі бір даралық-психологиялық ерекшеліктерді анықтаған зерттеуші дегенмен, олардың себептерін, жеке тұлғаның құрылымындағы орнын тікелей көрсете алмайды. Бұл деңгейді Л.С. Выготский нышандық (немесе эмпириялық) диагноз деп атайды; ол белгілі бір ерекшеліктерді не нышандарды көрсетумен шектеледі, осылардың негізінде тікелей практикалық қорытындылар жасалады. Выготский мұндай диагноздың анығында ғыльіми емес екенін, өйткені нышандарды анықтағаннан диагноз өздігінен жасалмайтынын атап көрсетті. Педагогикалық диагноздың дамуындағы екінші кезең этнологиялық диагноз болып табылады; мұнда жеке бір тұлғаның белгілі бір ерекшеліктерінің болуы ғана емес, неден болған себептері де ескеріледі. Ең жоғары деңгей — типологиялық диагноз, ол алынған мәліметтердің жеке тұлғаның тұтас, динамикалық бейнесіндегі орны мен маңызын анықтауға саяды. Диагноз болжамдаумен ажырағасыз байланысты. Выготскийше болжам мен диагноздың мазмұны ұқсас, алайда болжам даму процесінің өздігінен ілгерілеуінің ішкі қисынын терең білуге, өткені мен қазіргісінің негізінде даму жолын анықтауға жеткізеді. Болжамды жекелеген кезеңдерге бөлу, осы арқылы ұзаққа созылатын қайталама бақылаулар жасалу ұсынылады. Психологиялық диагноз теориясын дамыту отандық психодиагностиканың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Диагностикалық әдістердің бірнеше түрлері бар: Бақылау – анықталған құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген мәселелерді( бірліктерді, көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні бір жүйе бойынша қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау – клиенттің психологпен қарым- қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез- құлқын мақсатты, жүйелі түрде қабылда.Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктес қарым- қатынасының барысында сыналушы тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алу тәсілі. Бұл әдіс психологиялық көмек көрсету кезіндегі терапевттік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады..

Психодиагностикалық мәселелер.  Жалпы психодиагностиа мәселелері белгілі бір мөлшерде диагностика және психология бөлімдерінен шығады. Бірақ практик психологтар бұл мәселелер туралы нақты мәліметке ие болуы керек, себебі мәселені нақты білу негізінде, нақты әдістер таңдалады. Ерекшеліктер тек мәселелерде ғана емес психодиагностика ситуацияларында да көрініс табады. Бұл әртүрлі клиент ситуациясы және экспертиза ситуациясы.                                                                    Бірінші ситуацияда адам көмек сұрап психологқа барады, бл кезде адам психологпен әріптестік қатнаста болуға, оның талаптарын, ережелерін қатаң сақтап орындауға тырысады, яғни нәтижені ойластырулы түрде жасағысы келеді.Екінші ситуациябұл жерде адам «экспертизаға» түсетінін біледі және өзіні сенімді, тұрақты етіп көрсету мақсатында сұрақтарға еркін жауаптар қайтарады.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.